КОНТЕКСТ СИНОНИМ ПАРАДИГМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.03Кілт сөздер:
контекстік синоним, семантикалық өріс, лексикалық синоним, прагматикалық мағына, синтаксистік синоним, парадигмалық байланыс.Аңдатпа
Мақалада қазақ тіліндегі контекстік синоним парадигмасы қарастырылады. Оның лингвистикадағы зерттелу деңгейі, орны, семантикалық, стилистикалық ерекшелігі тарқатылып, мәтін түзудегі рөлі анықталады. Тақырып аясында синонимдердің контекстегі мағыналық реңкі, қолданылу аясы, автор идеясын жеткізудегі рөлі талданып, оның теориялық негізі құрастырылады. Мақала арқылы контекстік синонимдер табиғатын тереңірек түсінуге және оларды зерделеудің жаңа бағыттарын тануға болады. Синонимдік қатар, олардың мәтінде қолдану ерекшелігі, зерттеуші ғалымдар тұжырымындағы сипаты да қамтылған. Синонимдердің контексте өзара алмасу мүмкіндіктері, стилистикалық және парадигмалық қызметтері ашылып, тілдік жүйедегі рөлі айқындалды. Сонымен қатар сөздердің лексикалық бірлік ретіндегі қызметі нақты мысалдық талдаулар арқылы барынша ашылған. Бұл ретте контекстік синонимдер белгілі бір сөйлеу жағдайында, мағыналық байланыс аясында қолданылатын синонимдердің түрі ретінде қарастырылып, прагматикалық қызметі мен семантикалық ерекшелігі талданады. Қазақ тіліндегі синоним бойынша зерттеу жүргізген Ә. Болғанбаев, К. Аханов, А. Айғабылов, А. Салқынбай, Б. Сағындықұлы, Г. Смағұлова, Б. Шалабай, Ғ. Хасенов сынды көрнекті ғалымдардың еңбектері мен синонимия құбылысын талдаған Ю.Д. Апресян тұжырымы талдау нысаны ретінде алынып, синонимдердің мәтіндегі мағына дәлдігі, стильдік жүк пен прагматикалық реңкке әсерін көрсетудегі басымдығы ұсынылған. Сонымен қатар синонимдік қатардағы сөздердің тіркесімділігі, семантикалық валенттілігі және сөйлемішілік қызметі сипатталады. Зерттеу нәтижесі контекстік синонимдерді тілдің семантикалық құрылымындағы дербес тілдік бірлік ретінде қарастыру қажеттігін алға тартады және қазақ тіліндегі синонимия құбылысының прагматикалық сипатын жан-жақты тануға жол ашады.
Зерттеу барысында лингвистикалық талдау әдістері негізінде көркем шығарма мәтіндеріндегі синонимдік бірліктердің мәтінішілік жуықтықты танытатын қасиеті қарастырылады. Қазақ тіліндегі синонимдік қолданыстардың контекстке тәуелді семантикалық құбылыстары кеңінен сипатталады.