М. ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

М. ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

Кілт сөздер:

оқыту, әңгіме, әдіс тәсілдер, қаламгер, мәтін талдау.

Аңдатпа

Мақаланың негізгі мақсаты мен бағыты ретінде қазақ әдебиетінде ғана емес, бүкіл адамзат әдебиетінің заңғар жазушысы, сарабдал ой иесі, суреткер М.О.Әуезовтің әңгімелерінің зерттелу табиғаты жайында сөз болады. Қаламгер әңгімелерінің әлем жұртшылығына да танымал екендігі, сонымен қатар әдебиетіміздің асыл қоры саналатындығы айтылады. М.Әуезов әңгімелерінің зерделену мәселелерінің қазақ әдебиеттануындағы өзектілігін айта отырып, автор бірнеше қаламгер әңгімелерін зерттеуші ғалымдарды атап өтеді. Ғылыми еңбек негізінде М.Әуезовтің әңгімелері ғылыми нысаны ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада қаламгердің әңгімелерін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне, тұжырымдарына, көзқарастарына талдау  жасалады. Автор жазушы  әңгімелерінің зерттелу кезеңін атай отырып, жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының нәтижесінде М.Әуезовтің әңгімелеріндегі: психологизм, образдар жүйесі, мәтіндегі диалогтық сипат, қаламгер әңгімелеріндегі мифологизм, пейзаж, жанрлық ізденістер тұрғысынан және жазушының алғашқы прозалық туындыларындағы этнографиялық ерекшеліктерін жіктеген ғалымдардың тұжырымдарына сілтеме жасайды. Аталған ғалымдардың тұжырымдарын қарастыра келе, қаламгер әңгімелерінің талдау өзектілігін және маңыздылығын дәлелдейді. Тұжырымдарды салыстыру, жіктеу барысындағы автор өзіндік пікірін анық білдіреді. М.Әуезовті зерттеу – қазақ әдебиеттануындағы маңызды және құнды тұстардың бірі. Өйткені мақаланың практикалық маңызы ретінде жазушыны зерттеу арқылы қазақ әдебиетінің сол дәуіріндегі көркемдік ізденістері туралы тұжырым жасауға болады. Ал қаламгер мұрасын зерттеген ғалымдардың еңбектері арқылы жазушының тұлғасын, шығармашылығын тануға болады. Демек, бір-бірінен өрбитін қос процестің қазақ әдебиеттануына берері мол екені анық.   Сол себептен де автор қазіргі уақыттағы қазақ әдебиеттануында  қаламгердің шығармашылығының көркемдік презумпциясын түсінуге деген  жұмыстардың маңыздылығы арта түскені және зерттеу жұмыстарының қажеттілігі жөніндегі   қорытындыға келеді.      

Авторлар туралы мәліметтер

*Айнұр Азатбақыт, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

– PhD докторант

Айжан Картаева, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Алпысбай Тамаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...