Ф.ДОСТОЕВСКИЙДІҢ АМЕРИКАНДЫҚ МӘТІНІ. РЕАЛИЗМ АШЫЛЫМЫ РЕТІНДЕГІ ИДЕЯ МЕН СЮЖЕТ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.12Кілт сөздер:
Америка, Сібір, Шығыс, Батыс, почвенничество, Чернышевский, сюжетті қалыптастыруАңдатпа
Мақалада Ф.Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романы мысалында американдық мәтінді зерттеудің заманауи нәтижелеріне ғылыми шолу жасалынады. Жаңа тәсілдерді қалыптастырудың негіздері ретінде американдық мәтіннің мифологиялық контексі, романдағы сюжетті құрудағы американдық мәтіннің орны, американдық мәтінді түсіндірудегі «орыс идеясы» мен «орыс сюжетін» байланыстыру, жазушының әдісі мен реализмдегі ашылымдарының автордың философиялық-діни утопиясымен шартталуы аталды. Жаңа бағыттардың заңдылығына шолу – талдамалық, салыстырмалы, архетиптік әдістер арқылы және оларды неориторикалық тәсіл стратегиясына интеграциялау арқылы дәлелденді. Жазушы идеялары мен сюжеттің байланысын анықтауда тарихи-мәдени әдістің маңыздылығы айқындалды. Алынған нәтижелер романдағы архетиптік және інжілдік поэтиканың американдық мәтінмен синтезінің маңыздылығын көрсетті. Романдағы американдық мәтінді түсіну үшін «орыс идеясы» ұғымы тек батыстық құндылықтарды сынаумен және қылмыскердің рухани түрленуі тұжырымдамасымен шектелмеуі тиіс. Жазушының Шығыс пен Батысқа қатынасы, Сібірдің рухани қайта тірілу орны ретінде, ал Американың рухани өлім кеңістігі ретінде символизациялануы автор мен оның заманының әдебиеті үшін жаңа сюжетті қалыптастырады, оның орыстығы шындықты іздеудің формасы ретіндегі скитальниктікпен анықталады. «Орыс идеясының» «орыс сюжетіне» әсері туралы мәселені қою жазушының әдісі мен орыс реализмі мен оның болмысына жаңа көзқарасты анықтауға мүмкіндік береді.
