*ҚАЗІРГІ ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАР ТІЛІ(ҚАЗАҚ ТІЛІ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫНЫҢ КІШІ КОРПУСТАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

*ҚАЗІРГІ ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАР ТІЛІ(ҚАЗАҚ ТІЛІ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫНЫҢ КІШІ КОРПУСТАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Гүлназ Төкенқызы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
  • София Омарова Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
  • *Алмажан Кадирхан Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.09

Кілт сөздер:

корпус, тілдік модель, стилистика, медиамәтін, прагматика, сөйлеу әдебі, тіл мәдениеті, шешендік өнер.

Аңдатпа

Мақалада «Қазақ тілі ұлттық корпусының бес кіші корпусы» (https://best.qazcorpora.kz/) базасындағы қазіргі медиамәтіндер, соның ішінде телебағдарламалар мәтіндері талдау нысанына алынды. Бүгінгі жаһандану дәуірінде бұқаралық коммуникация да қарқынды дамуда, телеарналар, радио, әлеуметтік желілер, баспасөз басылымдарының желілік нұсқаларының көбею және интернет-басылымдардың шығуы тіл дамуына қарқынды әсер етуде. Әлемдік және отандық ғалымдар осы бағытты тілдік іс-әрекеттің ерекше бағыты ретінде қарастырады. Қазақ тіл біліміндегі медиамәтіндер көбінесе прагматикалық аспектіде қарастырылған. Зерттеу еңбектердің көп бөлігі медиамәтін, баспа мәтіндерін қарастыруға арналған, ал қазақ тіліндегі теле және радио медиамәтіндер тілін арнайы зерттеген еңбектер жоқтың қасы сондықтан телебағдарламалар тілін зерттеу өзекті.

Медиамәтіндер тілі қазіргі қазақ тілінің стилистикалық жүйесіне, сөйлеу әдебіне, әдеби тілге әсері тілдік материалдар арқылы айқындалды. Тіл мәдениеті мен шешендік өнер туралы зерттеулер қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымында түрлі қырынан зерттеу нысаны ретінде алынғаны белгілі. Мәдениеттің негізгі бастауы тіл қатысудан басталады. Бүгінгі таңдағы медиамәтіндердің көп қырлы және көп өлшемді болуы ғалымдарға олардың әртүрлі аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді, соның ішінде стилистикалық тиістілікке бұқаралық ақпарат құралдарының мәтіндері және олардың мәдениетпен байланысы жалпы және сөйлеу мәдениетімен байланысы назардан тыс қалмауы тиіс. Бүгінгі жаһандану дәуірінде бұқаралық коммуникация да қарқынды дамуда, телеарналар, радио, әлеуметтік желілер, баспасөз басылымдарының желілік нұсқаларының көбеюі және интернет-басылымдардың шығуы тіл дамуына қарқынды әсер етуде. Медиамәтіндердің қазақ тілінің стилистикалық жүйесіне, әдеби тіліне әсері тілдік материалдар арқылы айқындалды. Осы мәселелерді шешуде, сонымен қатар телебағдарламалар тілінің сапасын жақсартуда, үлкен тілдік модельдерді (LLM) қолданудың мүмкіндіктері қарастырылды.

Авторлар туралы мәліметтер

Гүлназ Төкенқызы, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

София Омарова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

– филология ғылымдарының кандидаты

*Алмажан Кадирхан, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

– гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға ғылыми қызметкер

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...