*«НАРҒЫЗ» АНТРОПОНИМІНІҢ СЕМАНТИКАСЫ, ОРФОГРАФИЯЛЫҚ НОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ ЖИІЛІГІ

*«НАРҒЫЗ» АНТРОПОНИМІНІҢ СЕМАНТИКАСЫ, ОРФОГРАФИЯЛЫҚ НОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ ЖИІЛІГІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.08

Кілт сөздер:

Нарғыз, есімдер, орфография, қойылу жиілігі, ономастика.

Аңдатпа

Бұл мақалада «Нарғыз» есімінің мағынасы, оның шығу тарихы мен жазылу нормасы, сондай-ақ Қазақстанда қойылу жиілігі зерттелген. Қазақ тіліндегі «Нарғыз» атауы өсімдіктер дүниесіне қатысты атаулар тобына жатады және оның негізінде нарғызгүл (георгин) гүлінің атауы жатыр. Мақалада есімнің шығу тарихы мен мағынасына қатысты бірнеше болжам ұсынылады, оның ішінде жаугершілік замандағы батыр қыздармен байланыстыру мен парсы тілінен енген «наргис» гүлінің атауына байланысты нұсқалар бар. Орфографиялық тұрғыда, есімнің жазылу нормасы қазақ тілінің үндестік заңы мен тарихи тілдік дәстүрлеріне сәйкес келеді. Сонымен қатар, Қазақстандағы статистика бойынша «Нарғыз» есімі негізінен 10 мен 30 жас аралығындағы қыздар арасында кең таралғаны анықталды. Қазіргі уақытта есімнің жиілігі 28 жасқа дейінгі кезеңде айтарлықтай жоғары болып, соңғы жылдары төмендегенін байқауға болады. Зерттеу нәтижелері «Нарғыз» есімінің мағыналық және тілдік аспектілерін айқындап, есімнің қойылу жиілігі бойынша динамикасын көрсетеді. Мақалада қазақ тіліндегі есімдер қойылу дәстүрі мен орфографиялық нормалардың сақталуы да қарастырылған. Әсіресе, ұлттық ономастика мен есімдер тарихындағы заңдылықтар маңызды орын алады. Бұл зерттеу арқылы қазақтың есім қою дәстүрлерінің өзгерісі мен қазіргі заман талаптарына сай жаңаруы туралы ойлар көрсетіледі. Есімдердің тарихи мәні мен олардың тілдік ерекшеліктері халық мәдениетіндегі маңызды бір бөлік болып табылады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Дана Пашан, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

– филология ғылымдарының кандидаты, ғылыми қызметкер

Хабиева Алмагүл Алтайқызы , А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

– филология ғылымдарының кандидаты, ғылыми қызметкер

Елубай Әсем Мамешқызы , Азаматтық Авиация Академиясы

 – философия докторы (PhD)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...