*«АЛАКӨЛ» АТАУЫНЫҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ: ЖАҢАША КӨЗҚАРАСТАР МЕН ТОПОНИМДІК ТАЛДАУ АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.04Кілт сөздер:
Қазақ тіліндегі көне сөздер мен пассив лексиканың, кісі есімдері мен жалпы қолданыстағы сөздердің, сонымен бірге жер-су атаулардың шығу тегін,Аңдатпа
Жер-су атауларының тарихы, түп-төркіні мен этимологиясы – топонимика саласындағы ең күрделі мәселелердің бірі. Бір ғана атаудың төркіні туралы сөз қозғалғанда он түрлі, я болмаса жиырма түрлі ғылыми тұжырымдар мен талдаулар ұсынылады. Деректердің көп болғаны соншалық, тек «қазақ» атауына қатысты талдаулардың өзі жүзден асады. Қазақ сөзінің этимологиясының өзіне жеке бір монография жазылғаны белгілі. Түпкі мағынасы әбден түсінікті болып көрінгенмен қарапайым атауда түпкі сыр жатады. Алакөл гидронимінің семантикасы анық деп саналғанмен оның тарихына қатысты көптеген жаңа ғылыми пікірлер мен тұжырымдар айтылған. Ұсынылған талдаулардың барлығы алуан түрлі, қорытындылар мен тұжырымдар бір-бірінен алшақ. Сөздің шығу төркінін талдауда ең танымал тұжырым бойынша «ала» деген түс атауымен байланысты делінсе, екінші бір топ оны «ұлы» сөзінен өзгерген «ала» сөзі деп табады. Мақалада Алакөл атауы туралы жан-жақты талданған деректер беріледі. Осы күнге дейін жасалған талдаулардың ғылыми негізділігі қосымша мысалдар мен фактілермен негізделеді. Алакөл атауының шығу тарихына қатысты жаңа дәлелді ұсыныстар да келтіріледі. Сондай-ақ, зерттеуде түр-түстердің атау ғылымындағы орны, түркі тілдерінде түстердің қосымша семантикасы және «ала» түсінің түркі тілдеріндегі мағыналары талданады.
