САЯСИ ЖӘНЕ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДИСКУРСТЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.06Кілт сөздер:
дискурс, саяси дискурс, дипломатиялық дискурс, агенттер, коммуникация, саясаткерлер, дипломаттар.Аңдатпа
Мақалада саяси және дипломатиялық дискурстардың негізгі айырмашылықтары мен ұқсастықтары, олардың мақсаттары, қызметтері және тілдік ерекшеліктері қарастырылады. Екі дискурста да қолданылатын лексикалық және грамматикалық құралдарды талдауға және олардың коммуникативтік мақсатқа жетудегі рөліне ерекше назар аударылады. Саяси дискурс көпшілік аудиторияға, халықтың қолдауын алуға және қоғамдық пікірді қалыптастыруға бағытталған. Өз кезегінде, дипломатиялық дискурс ұстамдылықпен, бейтараптықпен және мемлекетаралық өзара әрекеттестікте ымыраға келуге ұмтылумен сипатталады. Дипломатиялық және саяси дискурстың ортақ тұстары көп және олар бірін-бірі толықтырады, әйтсе де әрқайсысының коммуникативті актілері әртүрлі және дискурстің мақсаттары күрт ерекшеленеді. Қарастырылған айырмашылықтар мен ұқсастықтар осы салалардағы коммуникация механизмдерін және олардың қоғамдық пікір мен халықаралық қатынастарға әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеуде мазмұнды талдау және дискурстық талдау, сонымен қатар салыстырмалы және лингвостилистикалық талдау әдістері қолданылады. Мақала нәтижелері дискурстың әрбір түрінің негізгі стилистикалық ерекшеліктері мен коммуникативтік қызметтерін айқындайды. Алынған нәтижелер қазіргі қоғамдағы саяси және дипломатиялық дискурстардың мәні мен рөлін түсінуді тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталмыш дискурс түрлері саяси лингвистика, халықаралық қатынастар, мәдениетаралық коммуникация және аударма саласындағы мамандар үшін де пайдалы болуы мүмкін.
