КӨРКЕМ АУДАРМАДАҒЫ МӘДЕНИ КОДТАР
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.15Кілт сөздер:
мәдени мұра, көркем аударма, сәйкестілік, тұрмыс, әдет-ғұрып, дәуір.Аңдатпа
Бұл мақала Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы мәдени мұраларды орыс және ағылшын тілдеріне аударған кезде көшіру мәселесін зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі әдеби шығармадағы мәдени кеңістікті әмбебап бейнелеуге бағытталған заманауи тенденциялармен анықталады. Көшпелі халықтардың тұрмысы мен тұрмыс-тіршілігінің элементтеріне, олардың салт-дәстүрлері мен құндылықтарына баса назар аударылады.
Зерттеудің мақсаты – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында берілген қазақ этносының мәдени мұраларының берілу тәсілдерін анықтау және талдау, сонымен қатар түпнұсқаның мәдени ерекшелігін сақтау үшін қолданылған аударма стратегияларының тиімділігін анықтау.
Трилогиядағы мәдени мұра бізге мінез-құлық үлгілерін, құндылық бағдарларын және дүниетанымдық көзқарастарды қайта қалпына келтіру ,мәліметтерді жаңартуға мүмкіндік береді. Ұлттық мәдени мұраларды жазушы оқырманды қазақ мәдениетінің нақты семантикасымен таныстырудың әдеби құралы ретінде пайдаланады. Олар шығармаға құндылық пен тереңдік қосады, мәдени контекстті тереңірек түсінуге және оның құндылықтары мен идеалдарымен араласуға ықпал етеді. Жұмыста мәдени мұараларды анықтау мен жіктеудің сипаттамалық әдісін, олардың аудармалардағы берілуін бағалау үшін салыстырмалы талдауды, мәдени шындықтардың және олардың баламаларының мағыналарын анықтауға арналған контекстік талдау әдісін, сондай-ақ аударма шешімдерінің сәйкестігін бағалау үшін аударма талдауының элементтерін қамтитын кешенді тәсіл қолданылады. Мақалада аударма мәтіннің мағынасын беріп қана қоймай, сонымен қатар кейіпкерлер мен жалпы ұлттың болмысын қалыптастыратын мәдени мұраны қалай сақтай алатынын зерттейді. Түпнұсқаның лексикалық мағынасын ғана емес, мәдени реңктерін де жеткізуде аудармашылардың кездесетін қиындықтары мен тосқауылдарын талқылауға өз үлестерін қосады. Аударманың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануды талдау сәйкестік пен айқындықтың жоғары дәрежесіне жету мүмкіндігін көрсетеді, бұл аударманы авторлық ниет пен түпнұсқаның мәдени мазмұнына жақындатады.
Мақала әдебиеттегі мәдени бейімделу және мәдениетаралық коммуникация мәселелеріне, сондай-ақ көркем аудармада мәдени шындықты жеткізудің ерекшеліктеріне қызығушылық танытатын зерттеушілер, студенттер және тәжірибелік аудармашылар үшін пайдалы болады.
