ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӨЗБЕК ТІЛДЕРІНДЕГІ ЗАТТЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЛЕКСИКАНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.01Кілт сөздер:
А. Байтурсынулы, языковое познание, метаязыковые основы, методы исследования, методологическое обоснованиеАңдатпа
Түркі тілдерінің тұрмысқа, күнделікті өмірге қатысты сөздері мен ұғымдарын салыстырып, олардың мағынасы мен қолдану ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселелердің бірі. Себебі, кез келген тілдің лексикалық қорында әр ұлттың этникалық мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері көрініс табады. Әрбір тілдегі сөздер мен ұғымдар, олардың қолданылу контексті халықтардың дүниетанымын, тұрмыс-салтын және мәдени дәстүрлерін көрсетеді. Қазақ және өзбек тілдері – түркі тілдерінің бір тармағына жататын, тарихи тамыры тереңде жатқан туыс тілдер. Ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан тілдік байланыстар нәтижесінде екі тілде де ортақ лексикалық қор қалыптасқан. Әсіресе, бұл заттық-тұрмыстық лексика саласында айқын көрінеді. Лексикалық қабат халықтың тұрмысы, шаруашылығы, мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы мол мағлұмат береді.
Бауырлас екі халықтың тілдеріндегі заттық-тұрмыстық лексика мен олар білдіретін ұғымдар мәдени контекстке байланысты түрлі мағыналарға ие болуы мүмкін. Тұрмыстық лексика мәдени құндылықтарды сақтайтын құрал болғандықтан, қазақ және өзбек тілдеріндегі тұрмыстық-заттық лексика өз халқының дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын жеткізуде маңызды рөл атқарады. Оларды салыстыру қазақ және өзбек халқының салт-дәстүрлері мен дүниетанымындағы, дүние - әлемді көруі мен түйсінуіндегі, ғасырлар бойы қордалаған өмірлік іс-тәжирибесіндегі ортақтықтар мен өзіндік ерекшеліктерді айқындауға жетелері, сонымен қатар мәдениетаралық және тіларалық әрекеттестіктің өзара нығаюы мен ықпалдасуына белгілі дәрежеде әсерін тигізері сөзсіз.
