ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ: ҒЫЛЫМИ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ: ҒЫЛЫМИ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.02

Кілт сөздер:

интеллект, тіл, таным, тұлға, лингвистикалық интеллект

Аңдатпа

Біздің мақаламызда қазіргі ғылым парадигмасындағы тың категорияның бірі – «лингвистикалық интеллект» ұғымына кешенді зерттеу жүргізілді. Терминнің анықтамасы мен ғылыми сипаттамасын айқындау мақсатында бірнеше сатыдан тұратын зерделеу жұмысы орындалды. Ұғымға қазақ ғылымы тұрғысында алғашқы рет жүйелі түсініктеме беру талпысы жасалды. Оның құрылысы түрлі ғылыми деректерді салыстыру арқылы ұсынылып отыр.

Зерттеуде «лингвистикалық интеллект» ұғымының қалыптасу арналары қарастырылды. Хронологиялық принцип негізінде категорияның ғылыми айналымға енуі мен актуалды нысанға айналу мәселесі зерттелді. Ұғымды басқа түсініктерден ажырату жолдары белгіленді. Теориялық негіздері жан-жақты талданып, жүйелі тәртіппен берілді. Лингвистикалық интеллектінің аясына кіретін басты тілдік құзыреттіліктер мен жүзеге асу формалары анықталды.

Қазіргі уақытта тіл мәселесінің өзекті болуына байланысты біз қарастырып отырған ұғымды жан-жақты зерттеу басты міндеттердің бірі болып саналады. Өз зерттеуімізде лингвистикалық интеллектінің негізгі сипатын айқындай отырып, оны жүйелі қарастырудың негіздерін ұсынып отырмыз. Алдағы уақытта ұғымды зерттеуді жалғастыру білім алушылардың лингвистикалық интеллектісін дамытудың басты аспектілерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Айдын Алтай, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

– PhD докторант

Айна Маратовна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

– философия докторы (PhD), оқытушы-дәріскер

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...