Материалдарды жіберу

Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.

Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі

Жіберу процесінің бөлігі ретінде авторлар олардың ұсыныстары келесі тармақтардың барлығына сәйкес келетінін тексеруі керек, ал егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.
  • Қаріп - Palatino Linotype, қаріп өлшемі көлемі - 12, интервал - бір. Жиегі - 2 см.
  • Мақаланың көлемі тақырыбы, авторлары туралы мәліметтерді, аңдатпа, түйін сөздерді, библиографиялық тізімді қоспағанда, негізгі мәтін 2000-3500 сөзден тұруы керек.
  • Мақала бағыты мен тілі бойынша ҒТАХР / МРНТИ / IRSTI нөмірi және әр автордың Orсid ID нөмірі қойылуы керек.
  • Авторлар туралы мәлімет, мақала аты үш тілде беріледі. Бірлескен авторлар рет санымен нөмірленеді.
  • Мақала мәтіні тіліндегі аңдатпа, түйін сөздер – қазақ тіліндегі мәтін үшін орысша және ағылшынша, орыс тіліндегі мәтін үшін қазақша және ағылшынша, ағылшын тіліндегі мәтіндер үшін қазақша және орысша беріледі.
  • Аңдатпа үш тілде 300 сөзден аспауы керек, түйін сөздер 5-8 сөзден кем емес.
  • Мақала мәтіні келесі ретпен ұсынылуы керек: Кіріспе – Әдістеме және зерттеу әдістері – Талқылау мен бақылау – Нәтижелер – Қорытынды.
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10-15 атаудан кем емес. Қазақ тіліндегі мәтінді кириллицадан латын қарпіне көшіруді https://qazlat.kz сайтында жасауға болады. Орыс тіліндегі мәтінді латын қарпіне көшіруді http://www.translit.ru сайтында жасауға болады.
  • Интернет сайтқа сілтеме берген жағдайда сайт, тақырып көрсетіледі.
  • Библиографиялық тізімде мақала тақырыбы бойынша белгілі шетелдік авторлардың ғылыми еңбектері болғаны дұрыс.
  • Иллюстрациялар (кестелер, сызбалар, диаграммалар) компьютерде немесе анық сызба түрінде (сиямен) А4 форматындағы жеке парақта орындалуы тиіс. Сурет нөмірі қағаз тасымалдағыштың екінші жағына қойылады, жиегіне оның орналасқан орны белгіленеді.
  • Әдеби дереккөздерге түсіндірмелер мен сілтемелер нөмірленіп, дәйексөзден соң шаршы жақша ішінде дереккөздің рет нөмірі, үтірден соң беті көрсетіліп беріледі. Жолма-жол сілтеме беру үлгісі: [6, 35].
  • «Strikeplagiarism.com» (КП1-30% шекті мәндерінің шкаласы) плагиатқа қарсы жүйеде тексерген жағдайда және рецензенттерден оң ұсыныс түскен жағдайда мақаланы жариялау туралы соңғы шешім қабылданады.
  • Жарияланатын мақалаға редакция тарапынан DOI цифрлық нысан идентификаторы беріледі.

Авторларға арналған нұсқаулық

«Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы»  материалдарды жариялау Open Journal System сайты арқылы жүзеге асырылады.

Редакция бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

Мақалалар

Политика раздела по умолчанию

Құпиялық туралы мәлімдеме

Осы журналдың сайтында енгізілген электрондық пошта аттары мен мекенжайлары тек осы журналда көрсетілген мақсаттар үшін қолданылады және қандай да бір басқа мақсаттар үшін пайдаланылмайды немесе басқа адамдар мен ұйымдарға ұсынылмайды.