ТЕРМИНЖАСАМ ҮРДІСІН ЕРЕКШЕЛЕНДІРУ

Авторлар

  • *Айгуль Шахин Astana IT Univercity
  • Сабира Сапина Astana IT Univercity
  • Айман Каудырова Қазақ ұлттық өнер университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-2.13

Кілт сөздер:

терминжасам процесі, термин жүйесі, метафора, термин даралану, экспликация, семантика, лексикалық бірліктер.

Аңдатпа

Мақала тақырыбының өзектілігі салалық терминологияны зерттеу үшін қазіргі заманғы тіл білімінің жаңа ғылыми парадигмаларын басшылыққа алуымен байланысты болып отыр. Зерттеу терминология, когнитивистика және тіл білімінің ғылыми әлеуетін интегративті қолдану шеңберінде жүргізілді, бұл өз кезегінде терминді ғылыми білімді алу, сақтау, өңдеу және беру құралы ретінде жаңа түсіндіруге бағытталды. Мақалада қарастырылған Л.Н.Гумилевтің авторлық сөздігіндегі терминжасам беру мәселелері мамандар назарына терминологиялық жүйелерді зерттеудің тек құрылымдық принциптерін жүйелеу арқылы ғана емес, сонымен бірге қарастырылып отырған мәселелерге басқа қырынан қарауды ұсынады. у арқылы аударады. Авторлардың этнологиялық терминожүйені когнитивті тұрғдан талдауы терминдердің семантикасын және олардың ғылыми дискурстағы орнын анықтауға мүмкіндік берді. Авторлар антропоөзектік ғылыми парадигманы басшылыққа ала отырып, когнитивті бағыт шеңберінде арнайы терминологиялық жүйелердің тікелей және метафоралық номинациясының механизмдерін зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Этнологиялық терминдік жүйелерге жүргізілген лингвистикалық-когнитивтік талдау Л.Н.Гумилевтің ғылыми мәтіндерін лингвистикалық зерттеудің перспективасын дәлелдейді және этнология терминологиясын әлеуметтік маңызды салалардың бірінің когнитивтік кеңістігінің үлгісі ретінде қарастыруға көшуге мүмкіндік береді. Мақалада белгілі ғалым Л.Н.Гумилев жасаған жеке терминдер топтастырылды. Зерттеу нәтижесінде осы терминдердің мамандандырылған сөздіктерде және автордың шығармалары аясында жұмыс істеу ерекшеліктері анықталды.

Авторлар жайлы мәлімет

*Айгуль Шахин, Astana IT Univercity

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Сабира Сапина, Astana IT Univercity

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры

Айман Каудырова, Қазақ ұлттық өнер университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессоры

Downloads

Жарияланды

2023-09-13

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі