ӘДЕБИЕТТЕГІ АРХЕТИП ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЮНГ ТЕОРИЯЛАРЫ

Авторлар

  • Жансая Жарылғапов Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • *Бибі Сыздықова Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-3.12

Кілт сөздер:

архетип, ұжымдық бейсаналылық, әдеби архетиптер, К.Г. Юнг, бейсаналық, миф, мифологиялық образ, әдебиеттану.

Аңдатпа

ХХ ғасырдың көптеген ойшылдары бүкіләлемдік мәдениеттің ортақ тарихы жоқ, әрбір тарихи-мәдени дәуірдің мазмұны мен мағынасы бір-бірінен алынбайды, оларды қоса да алмаймыз деген қорытындыға келді. Мұндай қорытынды қазақ әдебиетінің жаңаша мәдениетін қалыптастырудағы дәстүрлік мәдениетті зерттеуге үндеуге жол ашты. Бұл жолда сөз шеберлері психология, философия және мифология арқылы әлемді жаңа, жаһандық қабылдауға ұмтылды, және де барлық бағыттар ішкі әлемнің прототипіне айналды. Ғаламдағы кез-келген құбылыстың, жаңадан ашылып жатқан жаңалықтың да түпнұсқасы болады. Түпнұсқа деп отырғанымыз жер шарындағы барлық жаратылыстың бастауы, ол – архетип. Мақалада «архетип» ұғымның қалыптасуы мен ғылыми айналымға енуін швед ғалымы Карл Густав Юнгтың есімімен байланыстырылды және ғалымның архетиптер теориясына ерекше назар аударылды. Ғалымның «тұлғалық бейсаналылық», «ұжымдық бейсаналалық» ұғымдары мен «ана», «бала», «көлеңке», «анимус» пен «анима», «дана қария» архетиптеріне қысқаша сипаттама берілді. Сонымен қатар, «архетип» терминінің шығуы төңірегіндегі К.Г.Юнгке дейінгі және кейінгі ғалымдардың да маңызды пікірлеріне де назар аударылып, және оның әдебиеттегі қолданысы жөнінде  әртүрлі зерттеулер мен тұжырымдамалар тұрғысынан қарастыруға ұмтылыс жасалады.

Авторлар жайлы мәлімет

Жансая Жарылғапов, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

*Бибі Сыздықова, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

– магистр педагогических наук, старший преподаватель

Downloads

Жарияланды

2023-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану