ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЮМОР МЕН САТИРА ( «Бонапарттың үйленуі» әңгімесі негізінде)

Авторлар

  • Баян Керімбекова Сулейман Демирель университет

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-3.13

Аңдатпа

Аталған мақалада автор  қазақтың көрнекті қаламгері  Дулат Исабековтің  шығармашылығы,  жазушының дербес қолтаңбасы мәселесімен қатар, жазушы прозасындағы мінез сипатына  қатысты жазылған іргелі зерттеулер мен ондағы маңызды пікірлерге сілтеме жасайды. Д. Исабеков  шығармашылығына қатысты ғылыми еңбектерге кеңінен тоқталып,  қаламгер әңгімелерінің  зерттелу деңгейіне баға береді, бүгінгі күнде  жазушыны  қай қырынан зерттеу керек деген   сұраққа жауап іздейді. Осы мақсатта мақала авторы жазушы, драматург Д. Исабековтің «Бонапарттың үйленуі» әңгімесіндегі юмор мен сатира мәселесіне басты назар аударады.  Нақтырақ айтар болсақ, юмор мен сатираның әдебиеттегі адам жанын, мінезі мен болмысын көрсетудегі негізгі әдеби құрал екендігі, оны қолданудағы жазушы шеберлігі мен негізгі идеяны берудегі қызметіне теориялық  талдау жасалады. Бұл тұрғыдан келгенде мақаланың өзектілігі анық байқалады.  

Зерттеудің мақсаты – жазушы Дулат Исабековтің  аталған әңгімесіндегі юмор мен сатираны  қолданудағы шеберлігін, аталған әдеби категориялардың кейіпкер мінезін көрсетудегі әлеуетін  әңшіме арқылы анықтау. Мақала авторы бір қарағанда юмордың мақсаты күлдіру сияқты көрінгенімен, оның астарында салмақты ой жататынын нақты мысалдар арқылы көрсетеді.  Д. Исабековтің әрбір кейіпкерінің юморының бір-біріне ұқсамайтындығын, авторлық қолданыстардан ұлт  психологиясын тануға болатынын анық аңғартады. 

            Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері әдіснамалық ұстанымдармен, филологиялық тұрғыдан юмор, сатира, сатиралық образ, кейіпкер мінезі мен авторлық ұстанымға  қатысты ғылыми-теориялық  зерттеулер мен бірге әдебиеттану саласындағы тұжырымдамаларымен анықталды. Еңбектің практикалық мәні филология бағыты бойынша білім алушылар мен ізденушілер   үшін жоғары болмақ.

Автор жайлы мәлімет

Баян Керімбекова, Сулейман Демирель университет

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Downloads

Жарияланды

2023-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану