*АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ АДАМ МІНЕЗДЕРІНЕ ТЕЗАУРУСТЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • *Арап Еспенбетов Шәкәрім атындағы университеті
  • Бауыржан Ердембеков Шәкәрім атындағы университеті
  • Ақмарал Смағұлова Шәкәрім атындағы университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-2.21

Кілт сөздер:

әдебиеттану, Абай қарасөздері, тезаурус, мінез, концепт, контекст, семантика, квинтэссенция

Аңдатпа

Мақалада Абай Құнанбайұлының қарасөздерінің тезурустық қабаты қарастырылады. Абай шығармалары – ізі өшпес асыл мұра, әдебиеттің негізгі константы. Осындай асылдан үлгі алып, шығармаларынан рухани сусындау жеке тұлға үшін ғана емес, ұлт келешегі үшін де азық болмақ. Бірақ қазіргі оқырман үшін Абай тілін түсіну, ұғыну қиынға соғуда. Бұл – хакім шығармалары мен ондағы ойдың қаншалықты салмақты екенінің көрсеткіші. Бірақ бұл Абай тілі ауыр, түсініксіз дегенге сыймайды. Ахмет Байтұрсынұлының Абайды түсіну үшін оқырман көзқарасы мен дүниетанымының кеңдігі қажеттігін де баса айтуы содан шығар. Бұл үшін, әуелі, Абай шығармаларының негізгі өзегін жете түсіну керек. Осыны негізге ала отырып, Абай қарасөздерінің тезаурустық мәнін ашпақпыз.

Тезаурус – лексикалық жүйенің ең жақын интерпретациясы. Сондықтан объекті болып отырған сөздің түсінігін тереңдей ашу үшін синонимдік, антонимдік, тіпті гиперонимдік қатары да тізбектей көрсетіледі. Оның жеңіл, ұғымды болуы үшін негізді талдау теориясынан өзгеше практикалық тәсілге жүгіндік. Тезаурустық талдау барысында мақалада мінез аспектілері ашып көрсетіледі. Адам бойындаға мінедің пайда болуы, олардың ара-қатынасы мен байланысы жан-жақты талданады.

Авторлар жайлы мәлімет

*Арап Еспенбетов, Шәкәрім атындағы университеті

– филология ғылымдарының докторы,  профессор

Бауыржан Ердембеков, Шәкәрім атындағы университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Ақмарал Смағұлова, Шәкәрім атындағы университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер

Downloads

Жарияланды

2023-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану