ҚОШКЕ КЕМЕҢГЕРҰЛЫНЫҢ «ЖАТ ТІЛДІ»ОҚЫТУ ӘДІСІ

Авторлар

  • Айжан Шормакова Еуразия гуманитарлық институты

Кілт сөздер:

әдіскер-ғалым, әдіс, әдістеме, технология, «жат тілді» оқыту әдісі, «Жауропалықтарға арналған оқу құралы», тіл үйренушілер, сөздік түзу

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасуы мен даму тарихынаүлес қосқан тілші-әдіскер ғалым Қошке Кемеңгерұлының әдістемелік еңбектеріне талдау жасалады. Қ. Кемеңгерұлының ғылыми-әдістемелік еңбектері мен ой-тұжырымдарының әдістеме ғылымын дамытудағы мәні, маңызы, қазіргі бағыттармен сабақтастық үдерісі зерделенеді.

Қ. Кемеңгерұлының «Жабропалықтарға арналған оқу құралы» өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуға арналған алғашқы оқулықтардың қатарына жатады. Ғылыми-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланып, өте жоғары бағаланғаноқу құралыныңол кезеңде тіл үйренушілер үшін негізгі оқулық болғандығы, мазмұндық-құрылымдық жағынан өзіне дейінгі жазылған оқулықтардан ерекшеленетіні, дидактиканың ғылыми ұстанымдарына негізделген және ақпараты мол кешенді жұмыс түрлерін жинақтаған оқулық екені дәйектеледі. Қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық және тұжырымдамалық жағынан жетілдіруге мүмкіндік беретін ғалымныңәдістемелік пікірлері, тіл үйретуде қолданған әдіс-тәсілдері, кешенді жұмыс түрлері өзіне дейінгі, өз тұсындағы және өзінен кейінгі ғылыми-әдістемелік еңбектермен сабақтастыра отырып қарастырылады. Сондай-ақ тілші-әдіскер ғалымның  қазақ тілін оқыту мәселесіне қатысты ой-тұжырымдары,  қазақ  тілін  үйретудегі өзіне  тән  әдістемелік  ерекшелігі, тіл меңгертудегі негізгі ұстанымдары, сабақ   беруге  қатысты әдіс-тәсілдері талданады.

Автор жайлы мәлімет

Айжан Шормакова, Еуразия гуманитарлық институты

– педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Downloads

Жарияланды

2022-07-10

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі