*ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚАЛА БЕЙНЕСІ

Авторлар

  • *Мөлдір Аманғазықызы А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
  • Мақтагүл Оразбек Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-3.08

Кілт сөздер:

қазіргі қазақ поэзиясы, қала бейнесі, қалалық мәтін, поэтикалық дискурс, уақыт пен кеңістік

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы қала туралы жазылған өлеңдер талданған. Ғылыми зерттеудің мақсаты – көркем шығармадағы қала бейнесінің суреттелу ерекшелігін анықтау, қазіргі қазақ әдебиетіндегі қала тақырыбында жазылған шығармаларды талдау арқылы қазақ әдебиеттануында «алматылық мәтін», «астаналық мәтін», «Алматы түні»,  «Астана таңы», «қалалық қыз», «көше шамдары», т.б. ұғымдарды орнықтыру. Зерттеу барысында қалалық мәтінді зерттеген Ю.М. Лотман, В.Н. Топоров, С.П. Гурин, Вяч. Вс. Иванов, Н.В. Шмидт, В.Г. Ильин және т.б. ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. «Қалалық мәтін» ұғымының анықтамасы жүйеленіп, ұсынылды. Зерттеу нысаны ретінде Ғ. Жайлыбай, Д. Кәпұлы, А. Файзолланың қала тақырыбын арқау еткен өлеңдері алынды. Қала туралы жазылған өлеңдерді талдау барысында ақындардың қаланы суреттеудегі ерекшеліктері айқындалды. Кез келген қаланың тарихы белгілі бір тұлғаның есімімен, тарихи оқиғалармен байланысты болатындығы көркем мәтіндердегі интермәтіндік элементтерді (реминисценция, аллюзия) анықтау барысында белгілі болды. Сондай-ақ, ақындардың қаланы қабылдау сезімдері (жатсыну, жалғызсырау, қалаға бауыр басу, т.б.) мысалдар арқылы дәйектелді.

Зерттеу барысында қазіргі қазақ поэзиясындағы «қалалық мәтіннің» ерекшеліктерін айқындап, сипаттау мақсатында құрылымдық-семантикалық, интермәтіндік, герменевтикалық зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеу негізінде алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында оқытылатын «Әдебиет теориясы», «Заманауи қазақ әдебиеті» пәндері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.

Авторлар жайлы мәлімет

*Мөлдір Аманғазықызы, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– философия докторы (PhD), доцент

Мақтагүл Оразбек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Downloads

Жарияланды

2023-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану