*ЯСАУИ «ХИКМЕТТЕРІ» ТІЛІНІҢ КОГНИТИВТІК ҚҰРЫЛЫМЫ: «ИМАН» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Авторлар

  • Гүлғайша Сағидолда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • *Қарлығаш Сарекенова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Муяссар Сапарниязова Алфраганус университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-3.04

Кілт сөздер:

Ясауитану, Ясауи мұралары, Ясауи «Хикметтері» тілі, қолжазба мәтін, аударма мәтін, когнитивтік құрылым, концепт, концептілік өріс, лингвомәдени код.

Аңдатпа

Мақалада Ясауи «Хикметтерінің»  когнитивтік құрылымы,  соның ішінде «иман»  тұжырымдамасы қарастырылды. Қожа Ахмет Ясауидің ұрпаққа аманаттаған мұрасы, ұлы тұлғаның ислам діні тарихындағы және ислам мәдениетіндегі, сонымен қатар түркі жұртының рухани мәдениетіндегі орны өте үлкен. Ясауи өз еңбегінде исламның басты парыз-қағидалары,  жалпыадамзаттық құндылықтар мәслелерін көтереді. Мақаланың кіріспе бөлімінде Ясауи «Хикметтерін» жан-жақты тұрғыда әр кезеңде зерттеген ғалымдардың еңбегіне шолу жасалынды. Мақаланың мақсаты Ясауи «Хикметтері» тілінің концептілік өрісін лингворухани код тұрғысынан қарастыру. Шығармадағы рухани-мәдени лексика және олардың қатысуымен жасалған бейнелі тілдік орамдар (фразеологизмдер, перифраздар, сөз-символдар) мазмұндық ішкі құрылым жағынан алғанда қазақтың ұлттық құндылықтар жүйесінің діни тұғырына жетелейтін лингворухани код қызметін атқарады деуге болады. «Хикметтер» тілінде иман концептілік деңгейде көрініс береді, тіптен өз құрылымына ар, ұят, әдеп, сыйластық, кішіпейілділік, кешірім, адалдық, кемелдену, әділдік сияқты ұғымдарды жинақтайды.  Осы мәселе мақаланың негізгі бөлімінде  хикметтерден үзінді келтіріліп,  ондағы тілдік бірліктерге талдау жасау арқылы сараланды.

Авторлар жайлы мәлімет

Гүлғайша Сағидолда, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

*Қарлығаш Сарекенова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология  ғылымдарының кандидаты, профессор

Муяссар Сапарниязова, Алфраганус университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор м.а.

Downloads

Жарияланды

2023-10-16

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі