ЕЖЕЛГІ ЖЫР-ДАСТАНДАРДАҒЫ ЕЛДІК ПЕН ҚАҺАРМАНДЫҚ

Авторлар

  • Аслан Алимбаев А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-3.07

Кілт сөздер:

ел, жер, батыр, қаһарман, ежелгі әдебиет, шексіз билік, соғыс.

Аңдатпа

Мақалада елдік, қаһармандық, соғыс, батырлық туралы қарастырылған. Әлем жаралғаннан бері өмір сүру үшін күрес тоқтаусыз жүріп жатқан үдеріс. Күштілер жеңеді, әлсіздер жеңіледі. Бұл жаратылғандар жасағанша жасай беретін күрес. Тіпті жер бетінен жойылудың алдында тұрған дүниелердің өзі уақыт өте келе гүлденіп, құлпырып қайта жаңғыруы мүмкін немесе бүгін гүлденіп, жайнап тұрған дүние ертең түбірімен жоқ болып кетуі ғажап емес. Бар болуды немесе жоқ болуды, жеңуді немесе жеңілуді анықтайтын нәрсе – соғыс, жарыс т.б. Тасқа қашап жазылған туындыларда соғыстың басталу себептері, не үшін соғысты, нені сақтап қалу үшін соғысты деген сауалдарға жауап табуға болады. Гүлденіп, алып империя болу үшін де соғысудың керек екенін көреміз. Соғыста жеңіліп барып, қайта жеңудің озық үлгілерін мәңгі тасқа қашалған жазулардан аңғарамыз.

Жаратушы адамзатты жер бетіне қоныстандырып, жерді бөліп, бір-біріне ұқсамас үшін, әртүрлі тілдер, киімдер, түрлі терінің, көздің, шаштың түстерін жаратты. Ал адамзат осы бөліністердің негізінде мемлекеттер құра бастады.

Күшіне сенген мықтылар, өзгелердің жері кең, құнарлығы мол екенін түсінгенде, тартып алу, өзгенікін иемдену тілегі туындады, сол себепті олар өздеріне ұқсастарды жойып жіберу қаруларын жасап үйренді, уақыт өте келе бұл қарулар одан да қорқынышты, одан да мейірімсіз бола түсті. Мұның салдары ел мен елдің жау болып, соғысуына алып келді. Жерді кеңейту, шексіз билікті мақсат еткен соғыстар болғандығы туралы тұжырымдар мақалада пайымдалған.

Автор жайлы мәлімет

Аслан Алимбаев, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– философия  докторы  (PhD), доцент

Downloads

Жарияланды

2023-10-16

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану