ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-3.19

Кілт сөздер:

тестілеу, Қазтест жүйесі, оқу стратегиялары, оқылым тапсырмалары, қазақ тілі оқулығы, бағалау.

Аңдатпа

Тіл үйренуде мақсатты нәтижеге қол жеткізу үшін білім сапасын үздіксіз бақылап, білім деңгейін анықтап отыру аса маңызды. Ондай бақылау тестілеу арқылы жүзеге асырылады. Тест бір жағынан оқылым әрекетін белсендіруге ықпал ететін тиімді құрал қызметін атқарса, екінші жағынан коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтайды. Тест нәтижелері тіл үйренудегі жетістіктерді айқын көрсететін рейтингтік шкаланы құруға мүмкіндік береді, тіл үйренушінің оқу-танымдық уәждемесін арттыруға ықпал етеді.

Оқылым – сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің ішінде ең жиі қолданылатын, ең әуелі дамытылуы тиіс дағды. Олай болса оқылым дағдысын қалай жетілдіру керек? Оқылым дағдысы бойынша өз жеке жетістіктерін қалай бағалап отыру керек? Тілді білу деңгейін анықтайтын сынақты жақсы тапсыру үшін қандай оқу стратегияларын қолданған жөн? Осы сипаттағы сұрақтарға тіл үйренуші немесе сынақ тапсырушы мақаламыздан жауап ала алады.

Зерттеу мақаламызда қазақ тілінде оқылым дағдысын бағалау жүйесіне ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау жасалып, оқылым дағдысын жетілдіру бойынша жалпы сипаттағы ұсыныстар берілді. Қазтест жүйесінің оқылым дағдысын бағалауда қолданылатын тест түріндегі тапсырмаларына талдау жасалды. Оқылым субтестіне дайындық жұмысын жүргізу барысында қолданылатын қазақ тілі оқулықтарындағы жаттығулар жүйесі сараланды. Осы жүргізілген талдаулар нәтижесінде оқылым тапсырмаларын орындауда қолданылуы керек оқу стратегиялары ұсынылды.

Авторлар жайлы мәлімет

Адасай Бердіқұлова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

*Нұргүл Шадиева, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– педагогика ғылымдарының кандидаты, доценті

Незир Темур, Гази университеті

филология ғылымдарының докторы, профессор

Downloads

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі