ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ – ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ

Авторлар

  • *Нағбду Қамарова Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Бактыбай Жайловов Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-1.12

Кілт сөздер:

әдебиеттану, әдебиет теориясы, сын, шығармашылық лаборатория, ғылыми пайым, жанр, стиль

Аңдатпа

Бұл мақалада Әбіш Кекілбайұлының әдебиеттануға қосқан үлесі туралы зерделенеді. Әдебиеттанушы ғалым ретіндегі рөлі белгілі ақын- жазушылар шығармашылығын зерделеген, әдебиет теориясына қатысты тұжырымдары әдеби, танымдық ғылыми негізді мақалалары арқылы байыпталып, дәйектеледі.

Мақаланың алдына қойған мақсаты – әдебиеттанушы Ә.Кекілбайұлының әдебиет туралы толғамдарын, қаламгерлердің шығармашылық лаборатория- ларын зерттеген кезде туындаған ғылыми, әдеби, танымдық, сыншылық ойларын әдебиет теориясы тұрғысынан дәйектеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Ә.Кекілбайұлының әдебиеттанушылық шеберлігін танытатын ғылыми, зерттеу, танымдық мақалалары іріктеліп, зерттеу нысанына алынды.

Аталған мақалада шолу, сипаттау, жүйелеу, талдау, салыстыру әдістері қолданылды. Бұл мақаланың ғылыми жаңалығы ретінде Әбіш Кекілбайұлының әдебиеттанушылық қырының ғылыми сипаты әдебиет теориясына қатысты әдеби, ғылыми мақалалары аясында алғаш рет зерделеніп, зерттелуде. Әдебиеттанушы ғалым еңбектері қазіргі әдебиеттану биігінен қарастырылып, бағаланады. Негізге алынған әрбір мақаласындағы ғалымның түйінді ойлары мен әдеби толғамдары, парасатты пайымдаулары қай кезде де өзінің құндылығын жоймайтын асыл дүниелер екені байыпталады.

Ә.Кекілбайұлының эстетикалық, танымдық толғамдары мен қаламгерлер туралы, шығармашылық лаборатория, әдеби ағымдар мен әдеби тенденциялар, әдеби стиль және тағы басқа әдебиет теориясына қатысты ғылыми ойлары туралы талданған бұл мақала әдебиеттануға қатысты арнаулы курстарда, әдебиет сабақтарында қосымша материал ретінде пайдалануға, Ә.Кекілбайұлын әдебиеттанушы ретінде бағалауға мүмкіндік береді.

Авторлар жайлы мәлімет

*Нағбду Қамарова , Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Бактыбай Жайловов , Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

- PhD докторант

Downloads

Жарияланды

2024-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану