*ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРДА САҚТАЛҒАН ФОЛЬКЛОРЛЫҚ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕЙБІР ЖАНРЛАРДАҒЫ ОРТАҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-3.15

Кілт сөздер:

Түсін сөздер: жаңылтпаш, балалар фольклоры, түркі халықтары, бала тілі, экспедиция, зерттеу, мұра, рухани құндылық.

Аңдатпа

Мақалада көшпелі қазақ даласында кең таралған, ортақ ерекшелікке ие музыкалық-фольклорлық бәдік-күләпсан, жаңылтпаш сияқты жанрлар қырғыз, өзбек, құмық, моңғол секілді халықтардың кейбір жанрларымен салыстырылып тексерілді. Мысалы, фольклорда кездесетін магиялық ескі өлең (музыкалық әуенге құрылған) бәдік-күләпсан Орта Азияда өмір сүретін қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, тәжік халықтары арасында ғана аймақтық сипатта таралған. Бұл өлең басқа туысқан түрік халықтарының ешбірінде кездеспейді, сол себептен де авторлар бәдікті түрік бірлігі ыдырағаннан кейін пайда болған жанрлық түр деп санайды. Бәдік жанры алғашында ежелгі түрік халықтарының дерт көшіру ғұрпында орындалатын магиялық ескі өлеңді негіз етіп пайда болған. Алайда бұл өлең бүкіл түркі халықтарына ортақ таралмай, тек қана Орта Азия халықтарына таралғандықтан оның мәтіндері кейінгі замандарда қалыптасқан деуге негіз бар. Ал Жаңылтпаш ықшам жанр болғандықтан оны зерттеу ісі де кешірек қолға алынды. Жаңылтпаш бәдік-күләпсан сияқты нақтылы музыкалық формасы бар әуенмен емес, әр адамның интонациялық ерекшелігіне сай көбінесе біркелкі әуенмен тақпақталып айтылып, сөздің тазалығына баса мән беріледі. Сондықтан да, бәдік-күләпсанда музыкалық әуеннің ерекшлегілі басымырақ деуге болады. Жаңылытпаш ауыз қуысындағы мүшелер толық дамымай сақаулана сөйлейтін ерке-шолжаң балалардың тілін түзетуге ұтымды пайдаланылып, оларды шешендік өнерге баулып жаттықтырған ойын құралы екені зерделенді. Ал Бәдік-күләпсан өлеңі Орта Азиядағы  қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, тәжік халықтарына ғана аймақтық сипатта жайылған, өлеңдетіп айту арқылы магиялық жолмен ауру-дертті көшіруге арналық фольклорлық жыр. Кейде бәдіктің бір түрін күләпсан деп те атаған.

Бұл зерттеуде қазіргі таңда Өзбекстан қазақтарында ғана қолданылуын сақтаған бәдік-күләпсан өлеңі мен ел аузынан жиналған жаңылтпаштар, сонымен бірге алаш зиялыларының әлі де жариялана қоймаған сирек кездесетін кітаптарындағы үлгілер ғылыми айналымға енгізілді.

Авторлар жайлы мәлімет

*Ардаби Маулет, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

– постдокторант

Ақеділ Тойшанұлы, Халықаралық түркі академиясы

– филология ғылымдарының кандидаты

Downloads

Жарияланды

2024-10-08

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану