*АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ» БОЛМЫСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК АКСИОЛОГИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-3.12

Кілт сөздер:

Абай, поэзия, «жаңа қазақ әйелі», тұлға теориясы, жалпыадамзаттық құндылықтар, аксиология.

Аңдатпа

Абайдың шығармашылық контекстіндегі жаңа қазақ әйелінің көркем болмысы, олардың өзіндік гендерлік санаға ие ерекшеліктері мен аксиологиялық сипаты бұл зерттеудің негізгі лейтмотиві болып табылады. Сонымен қатар ақын сомдаған қазақ әйелдерінің аксиологиялық қырларын ашудағы құндылық категориясының мазмұны мен семантикалық мәні талданады. Автор қазақ әдебиетінде бұрын-соңды қалыптасқан әйелдердің таптаурын образы мен мәдени клишелерден тыс, алғаш рет Абай дискурсында көрінетін қазақ әйелінің рухани әлеміне және әйел санасының онтологиялық аспектісіне назар аударады. Ғасырлар бойы сұлулық, әсемдік, сыртқы портреттік сурттеме тұрғысынан дәріптелген қазақ әйелінің индивидуалдық, тұлғалық қырлары мен оның жан әлеміндегі психикалық құбылыстардың берілу тәсілі сөз болады. Сондай-ақ, Абайдың ұлттық әдебиетімізде алғашқы болып әйел азаттығын, әйелдің бақытын жырлаған эмансипациялық көзқарасы пайымдалады. Абай поэзиясындағы дәстүрлі қоғамның қабылданған стандарттарын бұзып, жаңа көзқарас, жаңаша құндылықтар енгізетін қазақ әйелінің бейәлеуметтік болмысы мен олардың «өзгерген» мінез-құлық стратегиялары әдеби-мәдени, тарихи контексте қарастырылады. Сонымен қатар Абайдың махаббат құмарлығы мен сексуалды қалауын ашық білдіретін әйел кейіпкерлерінің көркемдік әлемі және фемининдік белгілерді әйелдік дүниетанымға сай суреттеген ақындық позициясы тұжырымдалады. Абай мүсіндеген жаңа қазақ әйелі өзіне таңылған (тұрмыстық, отбасылық, өмірлік) стеоротипті көзқарастарға наразылық танытып, патриархалды қоғамның қалыптасқан конвенцияларына батылдықпен қарсы шығады. Өз өмірінің мәнін, өзіндік «менін» түсініп, өзі үшін қалауынша әрекет етуге, өмір сүруге талпынатын кейіпте көрінеді. Зерттеудің мақсаты да бұған дейін әр түрлі аспектіде қарастырылған Абай шығармашылығындағы әйел мәселесін, олардың әлеуметтік, психологиялық, эстетикалық-көркемдік бейнесінің эволюциясын және әйел тақырыбын интерпретациялаудағы ақынның жаңалығын анықтау болатын. Сондықтан да мақалада бұған дейінгі әдеби дискурста рухани әлсіз, пассивті болмыстан жан-жақты жетілген, белсенді тұлғаға айналған қазақ әйелінің жаңа бейнесі Абай мұрасы арқылы дәйектілікпен сараланады.

Авторлар жайлы мәлімет

*Айдана Жұматаева, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты

– гуманитарлық ғылымдар магистрі, ғылыми қызметкер

Дәурен Мұхамедиев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Downloads

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану