СЫР ЕЛІНДЕГІ КИЕЛІ НЫСАНДАР ЖАЙЛЫ АҢЫЗДАР

Авторлар

  • Ұлжан Жанбершиева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Гүлзира Оралова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Кілт сөздер:

аңыз-әңгіме, киелі нысан, сакральды ескерткіш, рухани мұра, әулие, ишан, ахун, діни-ағартушылық

Аңдатпа

Мақалада Сырда туған аңыздардағы киелі нысандар туралы сөз болады. Аңыз әңгімелердегі рухани құндылықтар киелі жерлер географиясы негізінен білім ретінде көрініс табады.

Ата-бабадан келе жатқан дәстүрді жалғастырып, қасиетті де киелі жерлерді құрметтеу арқылы ұлттық болмыстың аңыздардағы көрінісі ашылады.

Сыр еліндегі киелі орындардың ғибраттық үлгісі айқындалды. Аңыз-әңгімелердегі киелі орындардың танымдық қызметі сарапталды.

Орта Азияға мәлім Хорасан ата, Оқшы ата, Марал ишан сияқты дін қайраткерлері туралы аңыздардан дәйектеме келтірілді. Сырда туған аңыздардағы киелі орындар мен діни-ағартушылық ой-сана назарға алынды. Аңыздардағы тарихнамалық база ашылып, саяси және рухани мағынасына баға берілді. Киелі орындар туралы зерттеуші ғалымдардың пікірлерін салыстыра отырып, өзіндік тың тұжырым жасалды.

Қазақ ғылымындағы фундаментальды зерттеулерге сүйене отырып, бүгінгі заман тұрғысынан талданды.

Аңыздардағы киелі нысандарға дәйектеме беріліп, тарихи тұлғалардың дүниетанымын ашу көзделді.

Сырда туған аңыздардағы киелі нысандар ұлттық құндылық екені дәлелденіп, ұлағаттық ойлардың мағыналық ерекшеліктері ашылды.

Авторлар жайлы мәлімет

Ұлжан Жанбершиева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Гүлзира Оралова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Downloads

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану