ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ «ХАЛЫҚ» ҰҒЫМЫНЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ

ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ «ХАЛЫҚ» ҰҒЫМЫНЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.01

Кілт сөздер:

паремиология, лингвомәдениеттану, халық ұғымы, салғастырмалы талдау, мақал -мәтел

Аңдатпа

Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі «халық» ұғымының мақал-мәтелдердегі көрінісі талданады. Екі халықтың дүниетанымы мен рухани құндылықтары мақал-мәтелдерде қалай бейнеленетіні салғастырмалы түрде қарастырылады. Зерттеу барысында «халық» ұғымының ұжымдық бірлік, әділдік, рухани күш және мәдени мұра ретіндегі рөлі анықталады. Қазақ мақал-мәтелдері халықтың ұжымдық санасын, ортақ құндылықтарын дәріптесе, ағылшын мақал-мәтелдері жеке тұлға мен қоғамның өзара байланысына негізделген. Зерттеу барысында салғастырмалы талдау, сипаттамалы әдіс, мәнмәтіндік талдау, этнолингвистикалық талдау тәсілдері қолданылды. Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінде халықтың бірлігі, билікке деген көзқарасы, әділдік пен еңбекке қатысты ұстанымдары салғастырмалы түрде талданды. Нәтижесінде екі халықтың тарихи-мәдени ерекшеліктеріне байланысты мақал-мәтелдердің мазмұндық айырмашылықтары анықталды.

Зерттеу нәтижелері мәдениетаралық зерттеулерге, тіл үйрету әдістемесіне, этнолингвистика, әлеуметтану салаларына практикалық негіз бола алады. Бұл зерттеу қазақ және ағылшын тілдерінің паремиологиялық қорындағы «халық» ұғымының лингвомәдени ерекшеліктерін анықтауға, олардың құрылымдық, семантикалық және прагматикалық сипаттарын ашуға бағытталған.

Авторлар туралы мәліметтер

Айжан Амирова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

*Ардақ Бейсенбай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

- Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Хатидже Шырын, Еге университеті

философия докторы (PhD), профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...