*ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛ ҚОЛДАНЫСЫ

*ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛ ҚОЛДАНЫСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.04

Кілт сөздер:

Әлихан Бөкейхан , Алаш қайраткерлері, мақал-мәтел, мақалдар қолданысы, саяси дискурс, аудармалар

Аңдатпа

Мақалада Әлихан Бөкейхан еңбектерінде қолданылған мақал-мәтелдер қарастырылды. Зерттеу барысында алаш білімпазының шығармаларында 150-ден астам мақал-мәтел қолданылғаны анықталды. Олардың жүзден астамы қазақ мақал-мәтелі болса, 30-ға жуығы (28) орыс халқынікі, ал қалған оны француз, грек, украин мақал-мәтелдері болып шықты. Осы мақалдардың шамамен он шақтысы бірнеше нұсқада жарыса жұмсалады. Екі тілде бірдей жазатын Ә.Бөкейхан қазақ мақалдарын орыс тіліне, орыс мақалдарын қазақ тіліне дәлме-дәл аударып та қолданған. Кейбір қазақ мақал-мәтелдері орысшаға мағынасы түсіндіріліп, сипатталып та аударылады. Осы арқылы оқымысты тіларалық байланыс пен мәдениетаралық коммуникацияны нығайтуға, ұлтының әдебиеті мен мәдениетінің насихаттап, халқының тұрмыс-салтын таныстыруға да өзіндік үлес қосқан. Мақал-мәтелдерді газет мақалаларының тақырыптары, кітап тарауларының атауы ретінде пайдалану ХХ ғасыр басында Әлихан Бөкейхан бастаған алаш оқығандарының еңбектерінде, көрініс тауып, кейін дәстүрге айналған. Мақал-мәтел мазмұнын сақтай отырып, оның құрамындағы жекелеген компоненттерін синоним сөздермен алмастырып қолданылуы да Ә.Бөкейхан тіліне тән ерекшеліктердің бірі. Мақалада алаш көсемінің мақал-мәтелдердің қолданудағы осы қырлары да жан-жақты талданады.  

Авторлар туралы мәліметтер

*Шерубай Құрманбайұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Гауһар Әлімбек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...