ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЛЕКСИКАСЫ: ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.04Кілт сөздер:
түркі тілдері, заттық-тұрмыстық лексика, құндылықтар, тіл, мәдениет.Аңдатпа
Мақалада түркі халықтарының тұрмыстық лексикасы тарихи және мәдени аспектіде жан-жақты қарастырылады. Тұрмыстық лексика – халықтың күнделікті өмір салты, шаруашылығы, салт-дәстүрі мен мәдениетінің көрінісі ретінде маңызды рөл атқарады. Түркі тілдеріндегі қатысты лексикалық бірліктердің шығу тегі мен дамуы талданады. Мақалада ортақ атаулар мен әртүрлі диалектілік нұсқалар арқылы түркі халықтарының тарихи байланыстары айқындалады. Этнолингвистикалық деректер негізінде тұрмыстық лексиканың мәдени код ретіндегі қызметі сипатталады. Көне жазба мұралар мен фольклор үлгілері арқылы лексиканың тарихи тереңдігін көрсетеді. Сонымен қатар, лексикалық бірліктердің қазіргі қолданысы мен мағына өзгерістері де назарға алынады. Мақалада түркі халықтарының тіл материалдары салыстырмалы түрде сараланады. Тілдік бірліктердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар түркі дүниетанымы мен өмір салтының көпқырлылығын көрсетеді. Тұрмыстық лексиканың мәдени жадыны сақтау мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтеді. Зерттеу нәтижелері түркі тілдерінің тарихи дамуын, этникалық және мәдени өзара ықпалын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
