МАҒАЗ РАЗДАНҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТЕРЕҢДІК

МАҒАЗ РАЗДАНҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТЕРЕҢДІК

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.13

Кілт сөздер:

Мағаз Разданұлы поэзиясы, философиялық тереңдік, тарихи астары, дәуір суреті, көркемдік шеберлік.

Аңдатпа

Мақалада Мағаз Разданұлының поэзиясындағы философиялық терең ойлары талданады. Зерттеудің мақсаты – Мағаз жасампаздығының ашылмаған тың қырларын жан-жақты ашып көрсету. Нақтылап айтқанда поэзиясындағы қоғам, заман, адам мінезінің алуан қырларын бейнелейтін өлеңдері зерттеледі. Мәселен, «Өрт», «Оқ даярлаушы» секілді өлеңдерінде қоғам шындығы ашылса, «Айна алдында», «Тар» өлеңінде өзі жасаған дәурдің суреті сызылады. «Күлкі», «Жылау», «Мақтан» қатарлы өлеңдерінде адам болмысы жайында философиялық ойлар ұсынады. Осы мақсатты орындау үшін оның «Асулар толғауы», «Уақытқа жауап», «Босаға», «Ертең» қатарлы жыр кітаптары қарастырылады. Мағаздың 21 жылдық өмірі Қытай түрмесінде өтті. Ақынның түрмеде туып, шындыққа суғарылған ойлы да, өміршең жырларын зерттеу арқылы біз қоғам мінезі, адам болмысы, заман шындығын танимыз. Зерттеу кезінде мақаланың ториялық негізін бекемдеу үшін отандық сыншы, әдебиеттанушы Р.Сыздықова, З.Серікқалиұлы, Е.Шаймерденұлы, ал шетелдік ғалымдардан Реми Хесс, Ло Гэньзы, Нән Фань қатарлылардың ғылыми тұжырымдары зерттеудің әдісі ретінде басшылыққа алынды. Мақаланың практикалық маңыздылығы мен құны – ғылыми жұмыстың нәтижелері М.Разданұлының поэзиясы туралы материалдық негізбен қамдайды. Және кейінгі зерттеушілерге жол ашады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижесі – біріншіден, Мағаз поэзиясындағы философиялық тереңдік алғаш рет жұйелі зерттелді. Екіншіден, ақынның түрмеде туған тағдырлы жырларының философиялық мәні мен тарихи астары ашылды. Үшіншіден, философиялық мәні терең өлеңдерін талдау кезінде ақын басынан кешкен күрделі өмір шындығы бірлестіре қарастырылды.

Автор туралы мәліметтер

Талдаубек Қадыл, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

– философия докторы (PhD), ғылыми қызметкер

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...