ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИЗМ: ПОП-АРТ ПЕН ТҰРМЫСТЫҚ ЗАТТАР ЭСТЕТИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.24Кілт сөздер:
постмодернизм, поп-арт, тұрмыстық заттар эстетикасы, тұтыну мәдениеті, ұлттық проза, бұқаралық мәдениет, көркемдік трансформацияАңдатпа
Әдебиеттанудағы поп-арт өнер мен мәдениеттің эволюциясындағы маңызды құбылыс ретінде бағаланады. Постмодернизм дәуірінде қалыптасқан поп-арт эстетикасы заманауи адамның рухани сұраныстарын бейнелеп, әдеби кеңістікте жаңа көркемдік әлемнің есігін ашты. Бұл мақалада поп-арттың ұлттық прозадағы бейнелену ерекшеліктері, әсіресе тәуелсіздік кезеңінде жазылған шығармалардағы көрінісі талданады. Қазіргі заманның тұтынушылық өркениеті қалыптастырған эстетика әдеби кейіпкерлердің ішкі әлеміне, дүниеге көзқарасына және заттық құндылықтармен байланысына қалай ықпал еткені сарапталады. Материалдық әлем объектілері мен олардың шығармалардағы символдық мәні поэтикалық тұрғыда ашылады. Әлемдік мәдениеттің ауқымында қазақ прозасында поп-арттың өзіндік бояуы, көркемдік мазмұнды байытудағы рөлі айқындалады. Сонымен қатар, поп-арттың әдебиетте тұлға мен қоғамның эстетикалық және рухани кеңістігін қайта жаңғыртудағы мүмкіндіктері қарастырылады.
