ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «УАҚЫТ» КОНЦЕПТІСІ: СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІС ЖӘНЕ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.09Кілт сөздер:
«уақыт» концептісі, семантикалық өріс, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, тілдік бірлік.Аңдатпа
Мақала қазақ тіліндегі «уақыт» концептісінің семантикалық өрісін когнитивтік-лингвомәдени тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі уақыт ұғымының концептуалдану ерекшеліктерін айқындап, оның негізгі семантикалық өрісін тілдік деректер арқылы анықтау. Қазақ халқының ұлттық дүниетанымында қалыптасқан уақыт туралы түсініктердің мазмұнын ашып, олардың тілдік репрезентациясын жүйелеу. Зерттеу барысында «уақыт – қозғалыс», «уақыт – тарих», «уақыт – өтпелілік»,
«уақыт – үміт», «уақыт – адам өмірі» сияқты өзара сабақтас өрістер анықталды. Олардың семантикалық, аксиологиялық және мәдени қырлары жан-жақты сипатталып, тілдік бірліктер негізінде талданды.
Талдау материалы ретінде қазақ мақал-мәтелдері, фразеологизмдер, тілдік бірліктер қолданылды. «Уақыт – қозғалыс» өрісінде уақыт үздіксіз, тоқтаусыз ағым ретінде көрініс тапса, «уақыт – тарих» өрісінде ол ұлттың тарихи жадымен, дәуірлік тәжірибемен тығыз байланыста көрсетілді. «Уақыт – өтпелілік» өрісі уақыттың қайтымсыз, өткінші сипатын ашады, ал «уақыт – үміт» өрісінде болашаққа сенім, күту және сабыр категорияларының тілдік көріністері зерттелді. «Уақыт – адам өмірі» өрісі уақытты адам ғұмырының өлшемі ретінде қарастырылады.
Зерттеу нәтижелері «уақыт» концептісінің қазақ тілінде көпқабатты, тарихи, мәдени және құндылық мазмұнға ие екенін көрсетеді. Мақала қорытындылары когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану және концептология салаларындағы теориялық және практикалық зерттеулерге үлес қосады, сонымен қатар қазақ тіліндегі уақыт ұғымының ұлттық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда жүйелеуге мүмкіндік береді.
