МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КОРПУС ҚҰРУДА КИНОДИСКУРСТАРДЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТОПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ («АЛТЫ ЖАСАР АЛПАМЫС» ФИЛЬМІНІҢ НЕГІЗІНДЕ)

МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КОРПУС ҚҰРУДА КИНОДИСКУРСТАРДЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТОПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ («АЛТЫ ЖАСАР АЛПАМЫС» ФИЛЬМІНІҢ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.09

Кілт сөздер:

корпус, мультимедиялық корпус, кинодискурс, балаларға арналған фильмдер, мультимодальділік.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта кинофильмдер тілін зерттеу лингвистикадағы өзекті мәселелердің бірі. Осы саланы ғалымдар жан-жақты зерттеу үстінде. Алайда балалар фильмдеріне негізделген мультимедиялық корпустың құрамына кинодискурсты  енгізу мәселесі өз деңгейінде қарастырылған жоқ. Аталған олқылықты толтыру үшін ұсынылып отырған мақалада кинодискурстар туралы зерттеулерге шолу жасалып, «кинодискурс» ұғымына түсінік беріліп, мультимедиялық корпусқа енгізуге болатын кинодискурстардың лексикалық іріктемесі топтастыру, сипаттау әдістері арқылы талданды. Кинодискурстың лексикалық іріктемесі «Алты жасар Алпамыс» (реж. А. Қарсақбаев, 1977) фильмінен алынған материалдар негізінде құрастырылды. Олар ұлттық бірегейлік пен мәдени құндылықтарды танытатын бес топқа бөлініп қарастырылды. Аталған іріктемеде әр топқа қосылған сөздердің таңдалуының себебі түсіндіріліп, мультимедиялық корпусқа енгізуге болатын материалдардың үлгісі ретінде ұсынылды.

Авторлар туралы мәліметтер

*Гульзира Сакиева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– педагогика магистрі, оқытушы

Лира Ибраймова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры м.а.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...