*М.ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДЕКОЛОНИЯЛЫҚ ДИСКУРСТА

*М.ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДЕКОЛОНИЯЛЫҚ ДИСКУРСТА

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.23

Кілт сөздер:

алаш, көркем аударма, отарсыздандыру, дискурс, субалтерн , Мағжан Жұмабаев шығармашылығы

Аңдатпа

Мақалада Алаш қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, ұлттық рухтың жаршысы ретінде танылған М. Жұмабайұлының қаналған қазақ халқының халі бейнеленген көркем аудармалары мен баспасөз беттеріндегі жарияланған мақалаларына, әдебиеттанушылық еңбегіне отарсыздандыру теориясы тұрғысынан талдаулар жасалып, шығарма мазмұнындағы отарлық үстемдік, отарланған субъектінің ішкі қарсылығы, дүниетанымдардың айырмасы, өзінікі мен бөгденің қатынасы тұрғысынан қарап мәтіндегі жаңа қабаттар ашылып көрсетіледі. Зерттеушілер М. Жұмабаевтың Вс. Ивановтан аударған «Жолығу» әңгімесін философия, мәдениеттану мен әдебиеттанудағы постколониалдық ойлар мен феминисттік сынның өрістеуіне әсер еткен Г. Спивактың субалтерндік ойларымен сабақтастыра зерделейді.

Аудармашының негізігі ұстанымдары мен қағидаларын айқындау барысында оның жасалған кезеңі мен сол дәуірдегі әлеуметтік-мәдени және идеологиялық контекстті ескеру керек. Түпнұсқа иесі кеңестік идеология аясында жазса, ал аудармашы алаш ұранды әдебиет өкілі болса, онда аудармада түпнұсқадан өзгеше интерпретациялық реңктер пайда болуы заңды құбылыс. Зерттеліп отырған жағдайда түпнұсқа авторы мен аудармашының дүниетанымдық бағыттарының әртүрлі болуы – мәтіннің мазмұндық және мағыналық құрылымына елеулі ықпал еткен. Сондықтан авторлар аударма мәтіндегі стильдік және идеялық ерекшеліктерді анықтау үшін тек тілдік немесе әдеби тұрғыдан емес, психологиялық, әлеуметтік, идеологиялық аспектілерін қоса, кешенді түрде қарастыра отырып, аудармашының жеке шығармашылық ұстанымын, оның ұлттық көзқарасы мен тарихи дәуір талабын ұштастырудағы шеберлігін анықтай алды.

Авторлар туралы мәліметтер

*Еркінгүл Солтанаева , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Өмірхан Әбдиманұлы , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Шоқан Шортанбай , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...