*МОНОТІЛДІ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТІЛДІК КЕДЕРГІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.27Кілт сөздер:
монотілді бала, бала тілі, оқу үлгерімі, тілдік кедергілер, оқу процесіАңдатпа
Мақала монотілді балалардың оқу процесіндегі тілдік кедергілерін анықтауға арналған. Бала тілін қарастыратын лингвистика саласы бүгінгі күнде өз алдына жеке сала ретінде қалыптасып «онтолингвистика» деген терминді иеленіп қарқынды дамуға бет бұрды. Өйткені, бұл саланың зерттеуді қажет ететін қадау-қадау мәселелері күн тәртібінде тұр. Соның бірі – монотілді балалардың тілдік даму ерекшеліктерін анықтау. Монотілді балалардың оқу процесіндегі тілдік кедергілерін анықтау, бұл тек тілдік дамуды ғана көрсеткіші емес. Жалпы оқу жетістігі мен монотілді баланың көптілді ортада әлеуметтік бейімделуі сияқты мәселелер қазіргі таңда өзекті болып отыр. Сондықтан оны қазақ тіл ғылымына қатысты ғана емес, жалпы тіл білімінде де осыған қатысты ой-тұжырымдар негізінде қарастыру, оларды салыстыра зерттеп, аталмыш мәселенің негізін анықтаудың маңызы зор.
Мақалада жүргізілген зерттеудің мақсаты – монотілді балалардың оқу процесіндегі тілдік кедергілерін анықтап, олардың оқу үлгеріміне әсерін бағалау.
Бұған дейінгі зерттеулерде, соның ішінде шетелдік ғалымдардың еңбектерінде монотілділік, монолингвизмнің ерекшелігі талданған. Алайда жалпы тіл білімінде монотілділіктің сипатын танытқан теориялық ғылыми еңбектер кездескенімен, отандық зерттеулерде монотілді балалардың оқу процесіндегі тілдік кедергілерін анықтау бағытындағы зерттеулер жоқтың қасы. Сол себепті де бала тіліне қатысты зерттеулерде монотілді балалар мәселесін зерттеп, олардың оқу процесіндегі тілдік кедергілерін анықтау қазіргі таңда аса өзекті. Бұл мақалада монотілді балалардың оқу процесіндегі тілдік кедергілерін анықтау мәселесін қарастыру арқылы бастауыш сыныпта білімді тек ана тілінде алудың маңызы дәлелденеді.
