ҚАЗАҚСТАННЫҢ САНДЫҚ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-ДИСКУРСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ САНДЫҚ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-ДИСКУРСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.14

Кілт сөздер:

интернет-дискурс, интернет-дискурс жанрлары, Қазақстандағы интернет-платформалар, интернет-дискурстың қызмет көрсету түрлері, онлайн-коммуникация.

Аңдатпа

Қазіргі қазақстандық интернет кеңістігі ерекше цифрлық коммуникациямен сипатталады, онда интернет дискурсының кең ауқымды жанрлары дамып келеді. Зерттеудің өзектілігі цифрландыру үдерісінің жеделдеуімен, коммуникативтік тәжірибелердің өзгеруімен және әлеуметтік өзара әрекеттестікте медиа-платформалардың рөлінің артуымен байланысты. Зерттеу барысында сипаттамалы-талдамалық әдіс пен пайдаланушылар арасында жүргізілген  сауалнама  әдісі  қолданылды.  Эмпирикалық  материал  ретінде  интернет-платформаларды пайдалану жиілігі туралы деректер, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік

порталдары, жаңалық сайттары және әлеуметтік желілерінің контенті алынды.

Алынған нәтижелер қазақстандық интернет-дискурстың негізгі жанрларын жіктеуге, олардың қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға және пайдаланушылар арасында ең сұранысқа ие платформаларды айқындауға мүмкіндік берді. Талдау ақпараттық жанрлардың басым екенін, мемлекеттік ресурстардың белсенді қолданылатынын және әлеуметтік медианың тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көрсетті.

ЗерттеунәтижелеріҚазақстанинтернет-дискурсыныңұлттықлингвомәдениерекшеліктерді бейнелейтін аралас, полифункционалды сипатқа ие екенін дәлелдейді. Сауалнама деректері теориялық талдауды толықтырып, пайдаланушылардың нақты таңдауларын және цифрлық коммуникацияның даму динамикасын көрсетеді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Тоғжан Садығұл , Торайғыров университеті

– PhD докторант

Самал Ерғалиева , Торайғыров университеті

– философия докторы (PhD), профессор

Меруерт Уайханова , Торайғыров университет

– философия докторы (PhD), профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...