*ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ БАС КИІМ АТАУЛАРЫНЫҢ АТАУЫШТЫҚ-УӘЖДЕМЕЛІК ЖӘНЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ

*ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ БАС КИІМ АТАУЛАРЫНЫҢ АТАУЫШТЫҚ-УӘЖДЕМЕЛІК ЖӘНЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.13

Кілт сөздер:

түркілік ортақ мәдениет, түркілердің дәстүрлі киім үлгілері, бас киім және оның түрлерінің атаулары, лингвоэстетикалық семантика, этникалық ерекшелік, атауыштық-уәждемелік негіз, образдық-символикалық мән

Аңдатпа

Түркі халықтарының ұлттық дәстүрлі киім үлгілері атауларында олардың әрқайсысының этникалық қалыптасу тарихының іздері мен өмір сүретін табиғи географиялық және әлеуметтік – мәдени ортасына, айналысатын негізгі шаруашылығына байланысты ерекшеліктерден туындайтын көне дәстүрлері бой көрсетеді. Әрбір түркі халқының эстетикалық көркем талғамы, қолданбалы өнері (кесте тігу, тоқыма үлгісі, зергерлік өнері және т.б.), тіптен, көрші елдердің киіну мәдениетінің ұлттық мәдениетке тигізген әсер-ықпалы да киім-кешек атауларында айқын көрініс береді. Соған байланысты киім атауларының атауыштық - уәждемелік негізінде, атаужасам модельдерінде түркілік ортақтықты танытатын ортақ тұстармен қатар, түркі халықтарының әрқайсысының дара этникалық мәдениетінің төлтума болмыс-бітімін танытатын бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктер де орын алады.

 Мақалада түркілердің дәстүрлі киім үлгілерінің ішінен семантикалық статусы жоғары саналатын бас киім және оның түрлерінің атаулары, бас киімді әшекейлермен безендіру, сәндеу композициясына қатысты тіл бірліктері лексика-семантикалық және лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан салыстырыла зерттеледі. Бас киім және оның түрлерінің атаулары түркілердің мифтік - таным, салт-дәстүр, эстетикалық талғам, сокральді символикалық әлемін ұлттық тілдің мәдениетті таңбалаушы әлеуетімен жалғастыратын этномәдени кодтар тұрғысынан сараланады

Автор туралы мәліметтер

Гүлғайша Сағидолда , Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...