*А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ САУАТ АШУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ

*А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ САУАТ АШУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.26

Кілт сөздер:

Ақымет Байтұрсынұлы, қазақ руханияты, ұлттық білім беру жүйесі; сауат ашу құралдары, әдістеме

Аңдатпа

Ақымет Байтұрсынұлы – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының сауатын ашып, рухани түлеуіне ұйытқы болған тұлға. Ол ХХ ғасырдың басында білім беру саласына түбегейлі өзгеріс енгізіп, ұлттық мектептің іргетасын бекемдеп, келешек оқу жүйесінің бағытын сол кезеңде-ақ көрегендікпен айқындап берді. Оның ағартушылық өміршең идеялары халықты сауаттандыруға, ана тілін сақтауға, білім беру жүйесін ұлттық негізде қалыптастыруға бағытталды. Қазіргі таңда ұлт ұстазының сол мол мұрасын заманауи оқыту жүйесіне енгізу жұмыстары қолға алынуда. Қаншама зерттеулер жазылып, іргелі ғылыми жобалар ұсынылуда.

Мақалада «Қазақ халқының рухани көсемі» (М.Әуезов), «Ұлттық ғылым-білімнің көшбастары» (Р.Сыздық), «Ұлттық жазудың ұлы диқаншысы» (Н.Уәли)  атанған А.Байтұрсынұлының қазақ руханиятындағы орнын, халқын сауаттандыру жолындағы қыруар еңбегін баса таныту көзделді. Осы орайда, оның әдістемелік мұрасы ұлттық білім беру жүйесінің теориялық және практикалық іргетасын қалаған тұтас ғылыми-педагогикалық концепция екені тұжырымдалды. Әдістемелік ұстанымдарының бүгінгі білім беру стандарттарымен үндесетіні көрсетілді. Сондай-ақ бала психологиясын ескеру, оқытуды өмірмен байланыстыру, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, әдісті тілдің ішкі заңдылығына сай таңдау қағидаларының заманауи педагогикамен сабақтастығы дәлелденді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Қаламқас Қалыбаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Толеубек Зайсанбаев, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...