ЖЫЙЫРМАНШЫ ДЕП ЖАЗУ ҚАЙ НОРМА?

ЖЫЙЫРМАНШЫ ДЕП ЖАЗУ ҚАЙ НОРМА?

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.11

Кілт сөздер:

дыбыс заңдылықтары, тілдік норма, коммуникативтік норма, элизия, буын.

Аңдатпа

Бұл мақаланың мақсаты – қазір қоғамда көп талқыланып, түрлі-түрлі нұсқа ұсынылып жүрген жиырмасыншы сан есімін қазақ тілінің нормасына сай жазудың фактологиялық материалдар келтіру арқылы ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделген нұсқасын ұсыну. Қазақ емлесіндегі ала-құлалықты жою үшін мұндай грамматикалық талдаулар өте қажет. Аталған сан есім бойынша ғалымдар арасындағы пікірлердің сан алуандығы зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.

Коммуникативтік нормада сөздің екі буынмен айтылатындығы сауалнама жүргізу арқылы анықталады. Қазақ тілінің дыбыстық заңына сәйкес дұрыс жазылу нұсқасы ұсынылады. Сан есімге реттік мағына білдіретін   -ыншы, -інші жұрнағының жалғану жүйесі беріледі. Элизия құбылысы заңдылығымен сөз ішінде қатар келген екі дауысты дыбыстың алдыңғысы түсіп қалатындығы мысалдар арқылы дәлелденеді. «Жыйырма» сан есімінің қазақ тілінде қалыптасқан жүйеге қайшы келіп тұрғандығы анықталады. Тілдік нормада осы реттік сан есімдерді жазудың дұрыс нұсқасы ұсынылады. «Жыйырма» сан есімінің қазіргі орфографиялық сөздіктерде қате жазылып жүргендігі дәлелденеді. Осының барлығы жұмыстың практикалық құндылығын көрсетеді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Бижомарт Қапалбек, Мемлекеттік тілді дамыту институты

– Филология ғылымдарының кандидаты

Әлия Алпысбай, Мемлекеттік тілді дамыту институты

– педагогика ғылымдарының магистрі

Майра Туркбенбаева, Мемлекеттік тілді дамыту институты

– филология ғылымдарының магистрі

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...