ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ КОГНИТИВТІК ТЕРМИНТАНЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.09Кілт сөздер:
когнитивтік терминтаным, ғылыми дискурс, термин мағынасы, ұғымды модельдеу, фреймдік құрылым, терминжасам, категориялау, қазақ тіл біліміАңдатпа
Аңдатпа. Бұл мақала қазақ тіл біліміндегі когнитивтік терминтанымның қалыптасуы мен дамуын қарастырады. Зерттеуде терминнің дәстүрлі номинативтік түсініктен когнитивтік бағытқа ауысу үдерісі талданып, оның ғылыми білімді ұйымдастыратын және ұғымды модельдейтін құрал ретіндегі қызметі айқындалады. Термин мағынасының сөздік анықтамада емес, ғылыми дискурс пен мәтін аясында қалыптасатыны негізделеді. Зерттеу барысында ғылыми мәтіндердегі терминдердің қолданысын талдау үшін аналитикалық әдіс, сондай-ақ когнитивтік және дискурстық талдауға негізделген кешенді тәсілдер қолданылды. Терминдердің жүйелік, фреймдік және категориялық ерекшеліктері қарастырылып, терминжасамның танымдық сипаты дәлелденді. Нәтижесінде терминнің динамикалық құбылыс екені, оның мағынасы ғылыми модель мен дискурстық ортаға тәуелді қалыптасатыны анықталды. Терминнің ғылыми объектіні атаумен шектелмей, оны түсіндіру және құрылымдау құралы ретінде қызмет ететіні көрсетілді. Зерттеу нәтижелері когнитивтік терминтаным теориясын дамытуға және терминологиялық жүйені жаңа ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді.
