АРТУР КОНАН ДОЙЛДЫҢ «ЖИРЕН ШАШТЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛДІ АУДАРМАНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада Артур Конан Дойлдың «Жирен шаштылар қауымдастығы» детективті әңгімесінің 2011 жылы Қ.Қараманұлы аударған қазақша тәржімасы талданады. Аудармашы Конан Дойлдың шығармаларын орыс тілінен қазақ тіліне тәржімалағандықтан, мақалада екі тілдегі аудармамен салыстырғандағы түпнұсқа қарастырылады.
Зерттелген аудармаларды талдау барысында детективтік әңгімелерді қазақ ортасына бейімдеуге бағытталғанын және қазақ тіліне аударуда әртүрлі тәсілдер мен ерекшеліктердің болу себептері де түсіндіріледі. Мақалада Конан Дойлдың поэтикасының негізгі элементтері – әңгіме атауынан баяндаушының бейнесіне дейін, басты кейіпкерлердің сипаттамалары, сондай-ақ сюжеттің кеңістік – уақыттық параметрлері қазақ тіліне қалай аударылғаны туралы дәйекті талдау берілген.