САЯСИ ДИСКУРСТАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАНИПУЛЯЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ (ҚАЗАҚ, ОРЫС ТІЛДЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ)

САЯСИ ДИСКУРСТАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАНИПУЛЯЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ (ҚАЗАҚ, ОРЫС ТІЛДЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.16

Кілт сөздер:

саяси дискурс, фразеологизмдер, тілдік манипуляция, прагматика, дискурс, шешендік өнер

Аңдатпа

Мақалада қазіргі мәдениетаралық коммуникация жағдайындағы қоғамдық-саяси аударманың рөлі мен маңызы қарастырылады. Әлеуметтік-лингвистикалық аспект тұрғысынан саяси дискурс аудармасының ерекшеліктері, адресатқа бейімделу, тілдік нормалар және саяси корректілік мәселелері зерттеледі. Қазақ және орыс тілдеріндегі нақты аударма мысалдар арқылы ұлттық-мәдени ерекшеліктер мен аудармашының тілдік қоры мен сөздік қолданысы талданады. Қазіргі мәдениетаралық коммуникация жағдайында қазақ және орыс тілдері материалдары негізінде қоғамдық-саяси аударманың әлеуметтік-лингвистикалық ерекшеліктері айқындалады. Негізгі зерттеу нысаны ретінде Президент жолдауы және заңнамалар мен актілерді алдық. Қазақ және орыс тіліндегі дайын аударма мәтіндерінің семантикалық, лексикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қарастырып, аударма теориясына және аудармашыға қойылатын жалпы талаптар тұжырымдалады. Зерттеу барысында әлеуметтік-лингвистикалық аспектілерге, атап айтқанда, тілдік тұлға, ұлттық-менталдық ерекшеліктер, коммуникативтік стратегиялар мен мәдени құндылықтардың рөліне баса назар аударылады. Қоғамдық-саяси мәтіндерді аудару үдерісі мәдениетаралық коммуникация актісі ретінде сипатталып, аудармашының шығармашылық қызметі мен эвристикалық шешімдері сарапталады. Жұмыстың нәтижелері көптілді ортадағы аударма практикасын жетілдіруге, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінің мәдениетаралық коммуникациядағы өзара ықпалдастығын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Гульсая Хаирлаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– PhD докторант

Сәуле Асанбаева , Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...