*МАҒЖАН ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ «ЕРТЕГІ» ПОЭМАСЫ: ТАРИХИ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЫНДЫҚ

*МАҒЖАН ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ «ЕРТЕГІ» ПОЭМАСЫ: ТАРИХИ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЫНДЫҚ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.13

Кілт сөздер:

Мағжан Жұмабайұлы мұрасы, поэма жанры, «Ертегі» поэмасы, фольклорлық интегративтілік, шығарма идеясы, тарихи және көркемдік шындық

Аңдатпа

Мақалада қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабайұлының поэма жанрындағы көркем мұрасы талданып, осы жанрдағы тұңғыш шығармасы – «Ертегі» туындысының зерттелуі, жазылу тарихы, жариялануы қарастырылады. Шығармадағы фольклорлық дәстүр, тарихи және көркемдік шындық мәселесі талданады. Фольклор кейіпкері – жезтырнақтың шығарма сюжетіндегі бейнесі айқындалады. Поэмада жезтырнақпен қатар дию, пері, жын, албасты секілді фольклорлық кейіпкерлердің суреттелуі көрсетіледі. Қазақ ұлттық жазба әдебиетіндегі поэма жанрын көркемдік асқақ биікке көтерген «Ертегі» туындысының идеясы интегративтілік фольклортану аспектісінде айшықталатыны талданады. Зерттеу нәтижесінде тарихи тұлға – Сыздық сұлтан бейнесін сомдаудағы автордың көздеген мақсаты пайымдалады. Жезтырнақ – қазақ жұртына зұлмат әкелетін, ел болуына қауіп төндіретін дұшпанның жинақталған образы ретінде берілгені көрсетілсе, Сыздық – өмірлік биік мақсатынан, ата-баба аманатынан, әке жолынан қайтпайтын асқан қайсарлықтың, ержүрек мінездің, өр намыстың, асқақ  рухтың бейнесі ретінде көрсетілу сипаты ашылады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Қайырбек Кемеңгер, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)

Сағымбай Жұмағұл, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

- филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...