*МАҒЖАН ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ «ЕРТЕГІ» ПОЭМАСЫ: ТАРИХИ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЫНДЫҚ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.13Кілт сөздер:
Мағжан Жұмабайұлы мұрасы, поэма жанры, «Ертегі» поэмасы, фольклорлық интегративтілік, шығарма идеясы, тарихи және көркемдік шындықАңдатпа
Мақалада қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабайұлының поэма жанрындағы көркем мұрасы талданып, осы жанрдағы тұңғыш шығармасы – «Ертегі» туындысының зерттелуі, жазылу тарихы, жариялануы қарастырылады. Шығармадағы фольклорлық дәстүр, тарихи және көркемдік шындық мәселесі талданады. Фольклор кейіпкері – жезтырнақтың шығарма сюжетіндегі бейнесі айқындалады. Поэмада жезтырнақпен қатар дию, пері, жын, албасты секілді фольклорлық кейіпкерлердің суреттелуі көрсетіледі. Қазақ ұлттық жазба әдебиетіндегі поэма жанрын көркемдік асқақ биікке көтерген «Ертегі» туындысының идеясы интегративтілік фольклортану аспектісінде айшықталатыны талданады. Зерттеу нәтижесінде тарихи тұлға – Сыздық сұлтан бейнесін сомдаудағы автордың көздеген мақсаты пайымдалады. Жезтырнақ – қазақ жұртына зұлмат әкелетін, ел болуына қауіп төндіретін дұшпанның жинақталған образы ретінде берілгені көрсетілсе, Сыздық – өмірлік биік мақсатынан, ата-баба аманатынан, әке жолынан қайтпайтын асқан қайсарлықтың, ержүрек мінездің, өр намыстың, асқақ рухтың бейнесі ретінде көрсетілу сипаты ашылады.
