БЕЛГІЛІ СЫНШЫ ҚАЛЖАН НҰРМАХАНОВТЫҢ БАҒАЛАУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-УКРАИН ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2015-1.14Кілт сөздер:
Түйін сөздер: қазақ және украин әдебиеттерінің өзара ықпалы, өзара байланысы, сыни пікір, көркем әдеби үдеріс, салыстырмалы әдебиеттану, әлем әдебиеті.Аңдатпа
Мақалада белгілі сыншы, драматург, аудармашы Қалжан Нұрмахановтың әдеби қызметі қарастырылған. Ол өз теориялық және эстетикалық ізденістерін қоғамның әлеуметтік қажеттіліктеріне сай шебер үйлестіре білген. Қалжан Нұрмаханов қазақ әдебиетінің украин жазушыларының шығармашылығына әсері мен олардың арасындағы өзара байланыстар туралы көп жазған. Қазақ және украин әдебиеттерінің өзара байланысы мен дамуы үдерісін қарастырып, бүкілодақтық аренада украин әдебиетінің озық үлгілерін насихаттаған.
Сыншы әрі әдебиеттанушы ретінде Қалжан Нұрмахановтың негізгі ерекшелігі – әдебиеттегі өзекті мәселелерді талдау кезінде тарих пен қазіргі заманның бірлігін сақтауында. Ол қазіргі әдеби үдерістерді тек бірегей түрде емес, қазақ және украин мәдениеттерінің өзара ықпалы мен жетістіктері арқылы қарастырған. Сыни пікірлер, өмірбаяндық очерктер және әдеби портреттер арқылы украин жазушыларының шығармашылық даму жолын терең зерттеп, оның логикалық негіздерін ашуға ұмтылған.
Мақалада филология ғылымының өзекті саласы ретінде салыстырмалы әдебиеттануға қысқаша талдау жасалған. Бұл сала қазақ әдебиетіне дүниежүзілік әдебиет аясында өз орнын нақтылап, халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік береді.
