КӨРКЕМДІК ӘДІСТІҢ ӘДЕБИ АҒЫМДАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ

КӨРКЕМДІК ӘДІСТІҢ ӘДЕБИ АҒЫМДАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.16

Кілт сөздер:

көркемдік әдіс, көркемдік ойлау, әдеби ағым, әдеби бағыт, типология, аспекті, құбылыс.

Аңдатпа

Мақалада көркемдік әдіс және оның әдеби ағымдар мен бағыттардағы орны мен рөлі жан-жақты талданады. Әдебиеттануда көркемдік әдіс – шығарманың мәні мен мазмұнын ашу үшін автор қолданатын белгілі бір принциптер мен тәсілдердің жүйесі ретінде анықталады. Бұл мақалада көркемдік әдістің әдеби ағымдар мен бағыттармен өзара байланысы, сондай-ақ әр ағымның ерекшеліктері мен шығармашылық ерекшеліктері зерттеледі және әдеби ағымдардың қалыптасу тарихы мен олардың өзара байланысы қарастырылады. Әрбір ағым белгілі бір тарихи және әлеуметтік жағдайларға жауап ретінде туындайды және өзіне тән көркемдік әдістерді қолданады. Мысалы, романтизм ағымы жеке тұлғаның ішкі дүниесіне, эмоцияларына басымдық берсе, реализм қоғамдық шындықты нақты бейнелеуді мақсат тұтты. Мақалада осы ағымдардың көркемдік әдістерін салыстыру арқылы олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ортақ тұстары көрсетіледі. Сонымен қатар, символизм мен импрессионизм сияқты бағыттардың көркемдік тәсілдері, олардың табиғат пен адам өміріне деген жаңаша көзқарасы талданады. Әдеби ағымдардың дамуында қоғамның саяси және әлеуметтік жағдайы маңызды рөл атқарады. Әрбір жаңа бағыт қоғамдағы өзгерістерді, мәдениет пен философиядағы жаңалықтарды бейнелейді. Мысалы, модернизм мен авангардизм сияқты бағыттар ХХ ғасырдың басында қоғамдағы түбегейлі өзгерістер мен революциялық көңіл-күйді көрсетуге ұмтылды. Бұл ағымдар өздерінің көркемдік әдістері арқылы дәстүрлі әдебиетке қарсы шығып, эксперименттік тәсілдер мен жаңа формаларды енгізді. Көркемдік әдістердің әдеби процестегі өзгерістер мен жаңалықтарды қалай бейнелегені туралы да айтылады. Әдеби бағыттар мен ағымдардың өзара ықпалы мен олардың жаңа эстетикалық құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі талданады. Сонымен қатар, шығармашылық процесіндегі жаңашылдықтар мен стильдер арқылы әдебиеттегі өзгерістер, жанрлық түрлердің жаңаруы көрсетіледі.

Авторлар туралы мәліметтер

*Ботакоз Тлеубекова , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

–  филология ғылмдарының кандидаты, аға оқытушы

Айзат Ибраева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

филология ғылмдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.

Гүлжан Қиарыстанова, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...