ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТЕРМИНЭЛЕМЕНТТЕР ЖҰМСАЛЫМЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ТЕТІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.01Кілт сөздер:
терминэлемент, ғылыми лексика, терминологиялық өріс, терминологиялық қатар, танымдық аспектАңдатпа
Мақала қазақ ғылыми терминологиясындағы терминэлементтер жұмсалымының танымдық тетіктерін зерттеуге арналған. Жұмыстың өзектілігі ғылыми тілді дамыту және терминдердің семантикалық айқындылығын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылатын ғылыми лексика мен оның танымдық ұйымдастырылуын қалыптастыру үдерістерін жүйелі түсіну қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің мақсаты – қазақ ғылыми терминологиясының құрылымында терминэлементтер жұмсалымының танымдық принциптері мен заңдылықтарын анықтау. Зерттеу нысаны – қазақ ғылыми терминологиясы, зерттеу пәні – терминэлементтерді қалыптастыруды, интерпретациялау және құрылымдауды қамтамасыз ететін танымдық тетіктер. Жұмыста танымдық талдау әдістері, терминдерді семантикалық және құрылымдық зерттеу, сондай-ақ оларды жіктеуге, терминологиялық байланыстарды модельдеуге байланысты жүйелілік тәсіл қолданылады. Зерттеу нәтижелері терминологиялық жүйелерді ұйымдастыруда терминэлементтердің шешуші рөл атқаратынын көрсетеді, бұл ғылыми лексиканың логикалық дәйектілігін, танымдық сипатын және жұмсалымды бейімделуін қамтамасыз етеді. Талдау негізінде семантикалық өрістер мен терминологиялық қатарлардың қалыптасу заңдылықтары, сондай-ақ қазақ ғылыми терминологиясындағы кірме және ұлттық элементтерді интеграциялау қағидаттары анықталды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы терминэлементтерді зерттеуде, олардың ғылыми лексиканы жүйелеудегі рөлін анықтауда және оның семантикалық пен жұмсалымдық тиімділігін қамтамасыз ететін принциптерді айқындауда кешенді танымдық көзқарастар жатыр. Алынған нәтижелер терминология теориясын одан әрі дамыту, терминжасам әдістерін жетілдіру және ғылыми лексиканы оқыту практикасы үшін пайдаланылуы мүмкін.
